Жер мені бақсын десең, ерінбей еңбектен

Жер мені бақсын десең, ерінбей еңбектен

    80 гектарға жуық жерге егін егіп, ауылдастарына жұмыс беріп отырған Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылының тумасы, кәсіпкер Кутлимурад Балташұлы Шерметов әріптестерімен өз табысының құпиясын бөлісіп: «1997 жылы берілген жерден өз үлесімді алысымен тәуекелге бел буып, өз ісімді бастап кеттім. Қазіргі уақытта 27 гектар жерді игеріп отырмын. Сонымен қатар 50 гектар жерді жалға алып, мал азығын, жүгері мен жоңышқа, бидай егемін. Мақтаны сәуірдің соңында ектік. Енді тыңайтқыш алғалы жатырмыз. Күздігүні мақтаны жинап аламыз, жемісін көреміз. Осылайша, жерді келесі жылға дайындаймыз. Мақтаны компанияларға өткіземіз. Қайсысы қаражатпен жақсы қамтамасыз етеді, соған жібереміз. Басты мақсат — табыс. Бәрі мақтаны өсіруге байланысты. Дұрыс өсірмесе, ол 1 центнер де бермейді. Жақсылап қарасаң, 70 центнерге дейін жемісін береді.  Егіс алқабында жоңышқа, бидай және қарбыз, қауын, қызанақ та бар. Жоңышқа мен бидайды алмастырып екпесе, ауру пайда болады. Бұл тиісінше айтарлықтай шығынға алып келеді. Баланы дүниеге әкеліп өсіру үшін қанша еңбек керек? Бұл жұмысқа одан да көп еңбек қажет. Дәл бала сияқты үнемі ауырады. Күндіз ыстық, түнде суық. Түрлі ауруы бар. Қазір ауылды ғана емес, Қазақстанның бірнеше өңірін, көрші мемлекеттерді қажетті өніммен қамтамасыз етіп отырмын. KMF-тен алғаш рет 2005 жылы 100 мың теңге алдым. Кейінірек 500 мың, 1 млн теңге алған кездерім болды. Ауыл шаруашылығына ақша көп қажет, көрінбейтін шығындар мол. Оны көпшілік біле бермейді. Қазір егіс алқабында жұмысшылар бар. Оларды жоңышқа ору үшін жалдадым. Ал жалпы тұрақты жұмысшыларым жоқ. Жұмыс күшін маусымға қарай жалдауды жөн көрем.  Дәл қазір 10 адам қажет пе, сонша адам жалдаймын. Бәрі осы ауылдың тұрғындары. Бұрындары Өзбекстаннан алып келетінбіз. Қазір тек ауыл тұрғындарын аламыз. Жазда егін егеміз, күзде жинаймыз, қыста малды бордақылаймыз. Одан бөлек, көктемде егін егу үшін жерді дайындаймыз. Қарбызды Ресейге, Солтүстік Қазақстан облысына сатамын. Ал қызанақтар Қазақстанның түрлі өңіріне жіберіледі, жүк көлігімен Ресейге алып кететіндер де бар. Қарбыздар маусымның соңында сатылымға шығады. Бірақ қазір су тапшылығынан олар әр түрлі болып жатыр, сол үшін жұлып тастадық. Жоңышқа, жүгері мен бидайды өз малымызға береміз. Бірақ олар да жетпей жатады, сатып алатын кездер де жоқ емес.  Мен мал тезегін егіс алқабына тыңайтқыш ретінде де пайдаланамын. Жылына жоқ дегенде 50-60 КамАЗ қи төгетін кездер болды.  Өткен жылы 150 камАЗ қи тасыттым. Жерге күтім керек, тоздырсаң қайта қалпына келтіре алмайсың. Жер мені бақсын деген адам бірінші жерді өзі бағуы керек. Жерге азық беруге тиіс. Сонда ғана ол сені бағады. Жер ұрпақтан ұрпаққа қалады, жердің жаманы болмайды. Ал бос тұрған соң тозады, арамшөп басады. Айта кетерлігі, шаруада үнемі ақша бола бермейді. Күтпеген жағдайларға кезігіп қалуы мүмкін. Бәрі тек адамға байланысты емес, ауа райы мен экологияның да әсері көп. Осындай сәтте KMF бізге қол ұшын береді. Соңғы 17 жыл бойы мен оның тұрақты клиенті болып келемін. Кей кезде миллиондаған ақша алып, уақытылы қайтарып отырамыз. KMF ұйымының артықшылығы кепіл сұрамайтынында. Біреуден қарыз сұрамаймыз, бірден KMF-ке барамыз. Өз тәжірибеме сүйеніп айтсам, егін шаруашылығын мал шаруашылығымен байланыстырған өте дұрыс. Менің мал қорамда қазір 50 шақты ірі қара бар. Ал тауда бір отар қой мен 150-200-ге жуық сиыр жайылып жүр. Ата-бабамыздан қалған кәсіпті жалғастырып келеміз. Кеше-бүгін бастаған жоқпыз. Ыстыққа шыдамайтын сиырлар қазір қорада тұр. Қалған жайылымға жарайтын мал тауда. Ауылда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы тығыз байланысты. Еккенімізді малға береміз, себебі ақша айналымда болғаны дұрыс. Егін шаруашылығының қызған кезі алты ай болса, алты ай бос жатпай, мал бағуымыз қажет. Ал мал тек алты ай емес, жыл бойы бағылуы тиіс. Осы тұста қойсыз тірлік болмайтынын айта кету керек. Сол себепті мал шаруашылығымен айналысатын кез келген адамда қой болуы керек деп ойлаймын. Ол шағын шығындарды өтейді. KMF-тен жылына бір рет несие алып тұрам. Алдағы уақытта да аталған ұйыммен жұмыс істеуге әзірмін. Кейде 1-2 айда несиені жауып тастаймын. Жалпы уақытылы төлеймін. Жанымда несие сарапшысы көмектесіп жүреді. KMF-тен негізі егін шаруашылығымен айналысатын адамдар несие алады. Өйткені көктемде тыңайтқыш қажет. Ал мал бордақылайтындарға жем-шөп керек. Олар да осы ұйымның көмегіне жүгінеді. Рас, карантин басталғалы жағдай қиындап, сиыр саууды тоқтаттым. Нағыз әскери тәртіпті қажет ететін жұмыспен өз сауыншыларымыз айналысады. Сиыр саууды 1 минут кеш те, ерте де бастауға болмайды. Ауылда қайта өңдеу зауытым бар. Сол арқылы сүт сататынбыз. Қазір бір жылдан аса уақыт жұмысы тоқтап тұр. Дегенмен, жерді емген диханның ісі алға басарына сенімім зор. Әріптестеріме де тәуекелге барып, жеке шаруашылықпен айналысуға кеңес беремін»,— дейді.

 

Ермек Сахариев
16.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9043
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9429
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646