Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйіне тегін датчиктер орнатылып жатыр.
– ТЖМ нұсқауымен 15 тамыз бен 5 қазан аралығында «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі» айлығы бекітіліп, жылыту маусымының 1-ші кезеңіне дайындық басталды. Қазір жергілікті органдармен бірлесіп, осал топтағы отбасылардың үйлеріне рейдтік іс-шара жүргізілуде. Сондай-ақ, жылыту құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтау, зақымдалған электр сымдарын, тоқ көздерін пайдаланбау, үш ай сайын пеш құбырларын тексеру бойынша түсіндірме жұмыстары да жүріп жатыр. Бұл ретте еріктілерге де алғыс білдіреміз. Бүгінде олардың қолдауымен 60 датчик сатып алынды, – деді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бағдат Абдуллин. Басқарма басшысының айтуынша, өрт қауіпсіздігі бағытында жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.