«Зерделі ұрпақ» олимпиадасы аудандық деңгейде өтті

«Зерделі ұрпақ» олимпиадасы аудандық деңгейде өтті

Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталов ауданының бастауыш сынып оқушылары «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде өзара бақ сынасып, білімдерін сарапқа салды.

Аудан бойынша 4-сынып оқушылары білім бәсекесіне түскен сайысқа Астана қаласындағы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің «Талант» бөлімінің басшысы Руслан Сарбалин келіп қатысты. 

Аудандық білім беру бөлімі ұйымдастырған математика-логикалық, оқу сауаттылығы және жаратылыстану-ғылыми бағыттағы олимпиада А.Оразбаева атындағы ЖОББ мектебінің базасында өтті. 

– Олимпиаданы ұйымдастырудағы мақсатымыз – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, пәндік білімін тереңдету және дарынды балаларды анықтау. Білім додасы ашық түрде өтті, балалар да белсенділік танытты. Байқау қорытындысы бойынша әділ шешім шығарылып, қатысушыларға жүлделі орындар берілді. Бас жүлде алған Казталов мектеп-лицейінің командасы «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының облыстық кезеңінде ауданымыздың намысын қорғайтын болады, – дейді аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісінің м. а. Асыл Кенжеғалиева. 

 Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

Батыс Қазақстан облысы

 

15.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19815
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19632
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34776
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33336
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37158