ЖЕРЛЕСТЕР ЧЕМПИОНДАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

ЖЕРЛЕСТЕР ЧЕМПИОНДАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ
Самарқанд қаласында қол күресінен ардагерлер, ересектер, жастар, жасөспірімдер және дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткен Азия чемпионатына қатысқан 3 жерлесіміз жүлдемен оралғаны белгілі.
Бүгін бұрымды батырларды өңір жұртшылығы зор ықыласпен қарсы алды.
Аса ауылындағы бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығында жиылған спортшылар Азия чемпионаты жеңімпаздарының мерейін өсірді.
Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының аудандағы №12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Самат Өмірәлиев алтыннан алқа тағынып, күміс жүлдені еншілеген спорт мектебінің тәрбиеленушілері Нұрбибі Баймұрат, Ақерке Оразғалиқызы Нұрсая Баймұратқа құрмет көрсетіп, ел мақтанышы екенін тілге тиек етті.
Ел абыройын асқақтатар ұландар көбейе берсін!
Жамбыл ауданы әкімдігі
03.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5245
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5405
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20368
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19003
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22468