ЖЕТІСАЙЛЫҚ 6 ЖАСАР ҚЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

 ЖЕТІСАЙЛЫҚ 6 ЖАСАР ҚЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
✔️Жетісай ауданында бүгінде спорт түрінің бренд ойындарының біріне айналған ақыл мен ой-өрісті дамытуға бағытталған шахмат ойынына қызығушылық танытушы ересектер мен балалардың, жасөспірімдердің қатары күн санап артып келеді.
✔️Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ жанынан өткен жылы ғана ашылған шахмат бөлімінде 4 жаттықтырушы ауданның 3 нүктесіне 56 қатысушымен қарқынды жұмыстар жүргізуде. Нәтиже де жаман емес.
✔️Жуырда ғана, яғни, 14–26 қаңтар аралығында Алматы қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында «Жетісай спорт клубы» мекемесінің спортшысы, 6 жасар Раяна Абайқызы классикалық шахматтан ел чемпионы атанды.
✔️Адам баласының дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын, зейінділікті шыңдай отырып әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге үйрететін, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектесетін шахмат жарысына еліміздің барлық облыстарынан 980 шахматшы қатысты.
📌«Жетісай спорт клубы» мекемесінде Абдуғазиз Балтабаевтың қарамағында жаттығатын Раяна өткен жылдың желтоқсанында Түркістан қаласында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Түркістан облысының чемпионатында G6 категориясы бойынша да чемпион атанған болатын. Енді Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЧЕМПИОНДАР ДАЯРЛАЙДЫ
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 26.03.2025 90
Жүзге жуық жас өнерпаз бірігіп күй тартты
Аят БАТЕЙ, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті. - 25.03.2025 153

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3134
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3353
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18258
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16961
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20361