Жоба аясында түлектер орталығы ашылды

Жоба аясында түлектер орталығы ашылды

Бүгінде елді мекендерде игілікті істердің төбе көрсетуіне сеп болған облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Жомарт түлек» жобасы елжалдынылық пен жомарттыққа бастайтын даңғыл жол екенін уақыт өзі айқындауда. 

Жобаның түпкі мақсаты – туған жеріне қарайласу, түлеп ұшқан төрін түлету, ауылының әлеуметтік-экономикалық  даму көрсеткішін жоғарылату болып табылады.

Облыс орталығында бастау алған форум ауданымызда жалғасып, оған түрлі салада қызмет етіп жүрген 400-ден аса мектеп түлектері қатысып, жобаның негізгі мүддесіне қаныққан еді. 

Аудандық форумда аудан әкімі Сәкен Арубаев сөз алып, жиынға қатысқан қолы ашық азаматтарға лайықты құрмет көрсетіп, ауыл-аймақтың гүлденуіне барша азаматты шақырған болатын. 

Жоба аясында атап айтар болсақ, Шайдана ауылында 10 млн теңге қаражатқа спорт музейі мен спорт кешенін жеке кәсіпкер Әділ Байұзақов салып берсе, Ащыбұлақ ауылының 1984 жылдары туылған азаматтары 2 млн теңгеге балаларға арналған ойын алаңшасының құрылысын, Шоқай, Ш.Ниязбеков ауылындағы білім ордасын 20 жыл бұрын аяқтаған түлектер ауылдарына келбетті арка орнатты. Бұдан бөлек атқарылған жұмыстарда баршылық.

Бүгін облыс әкімдігі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде «Түлектер орталығы» кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Оған аудан әкімі Сәкен Арубаев пен орынбасары Олжас Баққараев арнайы келіп, орталықтың ендігі жұмысына сәттілік тіледі.

 – Түлектер орталығы – оқушылар үшін үлкен тәрбиенің бастауы. Оқушылар алдынғы буын ағаларының жақсылықты жалау, қайырымдылықты серік еткенін көріп, елге, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті бойына сіңіреді. Орталықтың ендігі жұмысы жас буынның елжанды болып өсіп-жетілуіне бағыт береді, – деді.

Жиынға қонақ болып шақырылған «Шайдана-Алмаз» әуесқой футбол клубының жетекшісі, ауылының көркейуі жолында еңбек етіп жүрген Әділ Байұзақов та сөз алып, ізгі лебізін білдіріп, орталыққа клуб атынан төр сағат тарту етті.

Орталықтың кермесін өңір басшысы Сәкен Қаланұлы мен Әділ Әбубәкірұлы қиып, кабинетті аралап көрді.

Мұнда аудан көлемінде түрлі салада қызмет жасап жүрген азаматтардың суреті ілінген. Алдағы уақытта орталық жұмысын жандандыру үшін осы атпал азаматтармен онлайн байланыс арқылы оқушылармен жылы жүздесулер ұйымдастырылатын болады.

Ақжігіт Жетпісбай
06.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 225
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 592
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 535

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9239
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8635
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11862
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9633
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10844