Жоғалтқаның көп болса, өзің де жоғаласың, қазағым!

Жоғалтқаның көп болса, өзің де   жоғаласың,   қазағым!

30 жылда жоғалтқанымызды енді түгендеп, «ах!» ұрып жатырмыз. Осыншама уақыт қалың ұйқыда жатқан қазақты қақаған қаңтар айында Алматының алқара аспанында күн күркіреп, найзағай ойнап, селт еткізе оятып жіберді. Әркім әрқилы оянды: бір қауым қазақ «Шал кет! Шал кет!» деп қаһарланды, енді бір дүйім қазақ бір-біріне жұдырық ала ұмтылды, енді біреулеріміз айқұлақтанып, дүкендерді қиратып, тонай бастады, «елім, жерім!» деп алаңға дүркіреп шыққандарды жаңбырдай жауған оқпен қарсы алды зұлымдар... Содан кейін не болғанын бәріміз жақсы білеміз. Кінәлі, кінәсіз абақтыға түскен қазақтарды ондағы шенді қазақтар жүндей түтіп, аяған жоқ! Жүрек сыздады. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың. Жақсы мен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп, енді екі ұртың» деп Абайша күңірендік. Мәңгүрттік пе, әлде қанымыз бұзылған ба, қазақтың қазаққа жаны ашымайтынын көріп, біліп қатты назаландық.

Бүгінгі тақырыбымыздың жан шошырлықтай өткір қойғанымыздың себеп-салдарын өздеріңіз де бағамдап отырған боларсыздар. Ең басты себеп қазақ халқының жер бетінен жойылып кету қаупі. Бірі аю, бірі аждаһа қос алып көршіміз тістерін қарш-құрш ете сақылдатып, қазақ жерін ту-талақай ете бөліп алмақшы-мыс. Әзірге Аллам қолдап тұр. Орыс Украинамен жағаласып жатыр..

 

Сонымен не жоғалттық?

 

Біріншіден,  мұхиттан толқыған рухымызды жоғалттық.

Екіншіден,  алмас қылыштан да өткір намысымыздан айрылдық.

Үшіншіден,  ұят, ар, иманымыз мүжіліп, елді жемқорлық, парақорлық жайлады.

Төртіншіден,  ең басты қазынамыз тілімізді кемсітіп, босағадан орын бердік.

Бесіншіден, Жер-анамызды жат жұрттықтарға қорлатып (Байқоңыр, полигондар, т.б.) шөл, шөлейтке айналдырдық.

Алтыншыдан,  асыл дініміздің қадірін кемсітіп, өзге діни секталарды қаптаттық.

Жетіншіден,  әрбір баға жетпес нәрестелерімізді, сәбилерімізді шет елдіктерге саттық.

Сегізіншіден,  ең басты мәселе қазағымызды мөлтеңдетіп, өзге этностардан кем санап қаңғыртып қойдық.

Тоғызыншыдан,  еліміздің болашағы талантты жастарымызды шетелдерге кетуге кері жағдай жасадық.

Оныншыдан,  ұлтымыздың жаны мен рухы өз салт-дәстүрлерімізді менсінбедік.

Он біріншіден,  сұлу, ақылды болашақ аналарымызды, қыздарымызды өзгелердің қолтығына кетуге мүмкіндік жасадық.

Он екіншіден, есірткі мен нашақорлықтың өрістеуіне жол аштық.

Он үшіншіден,  30 жыл бойына нұрсұлтаншылдарды төбемізде ойнатып, ел қазынасын тонатуға жол аштық.

Он төртіншіден,  жағымпаздықтан әлемде ең алдыңғы орындардың бірінен көріндік...

Әрі қарай бұл тізімді жалғастыруға болады. Ең басты кемшіліктерімізді айтып жеткіздік. Жеткізе алмағанымызды сіздер жеткізіңіздер, қадірлі ағайын! Міне бізге жаңа сынақ, бәлкім ең соңғы мүмкіндікті Аллам беріп отырған шығар. Ол Жаңа Қазақстанды қалыптастыру. 5 маусым күні халықтық референдум болады. Осы референдумға бір кісідей қатысып, дауыс берейік. Елімізде толық әділдік орнайтынына сенейік және оны өз қолымызбен жасайық!

 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 194
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 188
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 697
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 820
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 733

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496