Жол қауіпсіздігін лазерлік технологиямен арттырады

Жол қауіпсіздігін   лазерлік технологиямен арттырады

Атырау облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздікті арттыруға бағытталған заманауи технологиялар енгізіліп жатыр. Оның бірі жүргізушілерге арналған лазерлік визуалды бағдарлау жүйесі. Бұл жүйе жарқын жарық сызықтарын проекциялап, түнде жүргізушілердің жолда дұрыс бағдар алуына көмектеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүгінде лазерлік арка Атырау облысы аумағындағы KAZ09 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» республикалық автожолының 480-шақырымында орнатылды.

– Лазер жол жиегі мен қозғалыс бағытын айқындайтын жасыл не қызыл жарық сызықтарын жүргізушінің көру аймағына проекциялайды. Бұл түнде, тұман, жаңбыр не қар кезінде жолақ белгілері көрінбей қалғанда бағыттан жаңылмауға көмектеседі. Сонымен қатар көзге анық түсетін жарық жүргізушінің зейінін сақтап, ұйқышылдықты азайтуға ықпал етеді, осылайша жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған, – деді «QazAvtoJol» компаниясы Пайдалану және жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Әлішер Нұроллаев.

 

А. ХАМИТТЕГІ
23.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24567
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24227
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37572
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41950