Жол жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда

Жол жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар ауданда тиісті деңгейде атқарылуда.

Бүгінгі таңда аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 561,2 километрді құрайды. Оның 58,1 километрі республикалық маңызы бар автомобиль жолы. Ал, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 132 километрді құраса, оның бүгінгі таңдағы қанағаттанарлық жағдайы 93 пайызды құрап отыр. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 108,12 километр. Бұл жолдың да қанағаттанарлық жағдайы облыстық мәндегі жолға тең. Ал, ауылішілік автомобиль жолдары 263 километрді құраса, оның қанағаттанарлық жағдайы 68 пайыз.

Мемлекет басшысы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мәселесін назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын.

Жол – күретамыр. Бұл бағытта қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар баршылық. Соның бірі – «Нұрлы жол» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша аудандық мәндегі автомобиль жолдарын орта жөндеуден өткізуге үш жол енген. Оның жалпы ұзындығы 26,49 километрді құрайды. Атап айтсақ, өткен жылы Шыңбұлақ ауылындағы 7,6 және «Күйік-Теріс Ащыбұлақ» бағытындағы 10,63 километрді құрайтын автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, «Б.Момышұлы-Береке-Жұрымбай» бағытындағы 8,26 километрді құрайтын автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бұл нысан ағымдағы жылға өтпелі болғандықтан оның құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау көзделген. Өткен жылдың қорытындысымен аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық үлесі жоспар бойынша 97,7 пайыз болғанымен, жоғарыда көрсетілген автомобиль жолы 2023 жылға өтпелі болғандықтан 95 пайызды құрап отыр.

–Бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан ауылішілік жолдарға қатысты көп сын айтылуда. Біз ол қолайсыздықты жою мақсатында жаңа жобаларды қабылдап, жаңаша бағытта жұмыс істеуді қолға алдық. Атап айтар болсақ, алдыңғы жылдары 40 ауылішілік көше жолы жөнделген болатын. Өткен жылы ауылішілік жолдар бойынша 15 жоба қолға алынып, 19,3 километрді құрайтын 22 көшенің автомобиль жолдары орта жөндеуден өткізілді. Бұл жобалардың 13-і жергілікті бюджет есебінен, ал 2-еуі «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылды. Сөйтіп, өткен жылдың қорытындысымен ауылішілік автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 75 пайызды құрады, – дейді аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Жатқанбаев.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылындағы Жамбыл көшесі тұйығындағы 1,9, Күреңбел ауылындағы Бейбітшілік және Қарабастау көшелерінің 2,1 километріне асфальт жабынын төсеу биылға жоспарланып отыр. Бұл жолдарға асфальт жабынын төсеу жұмыстарын «Меркі Мерей» мен «М-Строй Груп» ЖШС алдағы уақытта жүргізетін болады.

–Ауылішілік көше жолдарымен қатар, көше жарығын орналастыру жұмыстары қатар жүргізілуде. Ауданының мекемелерімен тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігі аудандық электр желісі мекемесінің атқарып жатқан жұмыстарына тығыз байланысты. Ал, техникалық прогресінің алға басуына, мекемелердің және тұрғындардың электр қуатымен толық әрі сапалы қамтамасыз етілуіне «Жуалы аудандық электр желілері» мекемесі жауапты, – дейді бөлім басшысы.

Электр желілерін тарату мекеме тарапынан өткен жылы біраз жоспарланған жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, жалпы ұзындығы 165,6 километрді құрайтын 35, 10 және 0,4 киловаттық әуе желілері күрделі жөндеуден ал, 25 дана қосалқы стансалар 10/0,4 киловат күрделі жөндеуден өткізілген.

Кернеудің төмендігіне байланысты Көлбастау ауылы Қ.Рысқұлбеков көшесінде 900 метр АС-25 маркалы электр сымы АС-50 және АС-35 маркалы сымға және Қайрат ауылы Ә.Беделбаев көшесінде 2000 метр АС-25 маркалы сым АС-50 және АС-35 маркалы сымға ауыстырылып, кернеу қалпына келтіріліпті. Сондай- ақ, қазіргі таңда Ертай ауылында инвестициялық бағдарлама бойынша 146 ағаш бағана темір бетон бағанаға, 15300 метр ескі АС-25 маркалы электр сымдары АС-35 маркалы электр сымына ауыстырылған.

«Инвестициялық бағдарлама бойынша Көлтоған ауылы №134 10/0,4кВт қосалқы стансаның 0,4кВт әуе желісінде 73 дана ағаш бағаналар темір-бетон бағанаға, АС-35 маркалы электр сымы АС-35 маркалы электр сымына, Қошқар ата ауылындағы №112 10/0,4кВт қосалқы стансаның 0,4кВт әуе желісінде 121 дана ағаш бағаналар темір-бетон бағанаға, АС-35 маркалы электр сымы АС-35 маркалы электр сымына ауыстыру жоспарлануда. Күреңбел ауылында 1,4 километр 10кВт әуе желісін соғылып, қосымша 100кВт-тық 10/0,4кВт қосалқы станса салынды», – дейді Қайрат Жатқанбаев.

Марат ҚҰЛИБАЕВ Жуалы ауданы
15.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 57
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 101
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 210
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 216
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 429
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 393

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9085
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8483
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11711
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9477
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10692