Бүгін Ақтөбе ауылдық округінде орталық Жамбыл көшесінің тас жолында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы аталған ауылдық округте бірқатар көшелердің тас жолында жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Оның ішінде 2024 жылы “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасы аясында Шу ауданы Ақтөбе ауылындағы Жамбыл көшесі (0,490 шқ), Сатпаев көшесі (0,480 шқ), Естемесов көшесі (1,0 шқ), Жеңістің 30 жылды көшесі (1,0 шқ), Орталық көшесі (0,680 шқ) жалпы 3,700 шақырым жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме: “Тех Строй Инжиниринг” ЖШС болып табылады. Аталған игі бастамаға 5 техника, 13 адам жұмылдырылды.