Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Жол жөндеу жұмыстары  жалғасуда

Орал қаласында көше жолдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Жалпы тоғыз жобалық-сметалық құжаттама бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Мұндай мәліметті Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі берді. Атап айтқанда, Саратов, Баласағұн, Дауылбаев және Бұйрин, Өзтүрік, Сәтпаев, Аққозы, Скоробогатов, Комсомольская көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ал Шолохов көшесі орташа деңгейде жөнделеді. Сондай-ақ, «Каримуллин көшесін қайта құру» жобалық-сметалық құжаттамасы жеке мекеме қаражаты есебінен жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сонымен бірге Ветелки және Меловые горки кенттеріндегі, Исатай батыр көшесіндегі жолдарды күрделі жөндеу бойынша да сараптамадан өткізуге құжаттар дайындалуда.

Облыс орталығындағы ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына келсек, өткен жылы аталмыш бөлім «АдалАрна» ЖШС мердігерлік ұйымымен осы мақсатта 2021-2023 жылдарға арналған келісімшарт жасасқан.  Нәтижесінде мердігер мекеме биыл ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 35 бірлік техника мен бес бригада жұмылдырған. Сәуір айында жөндеу жұмыстары басталып, бүгінгі күнге дейін бірқатар көшелердің жолдары қалыпқа келтірілген.

Тағы бір айта кетерлігі, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары да  басты назарда. Бұлардан бөлек аула учаскелеріндегі тротуарларды жолмен қосу, көшелерге фрезерленген материалдар төсеу, бағдаршам нысандарының жанына жаяу жүргіншілер жолдарын салу сынды жұмыстар жасалуда.   

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5156
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5317
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20282
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18921
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22379