Жолдар жөнделіп, көшелер жаңа кейіпке енуде

Жолдар жөнделіп, көшелер жаңа кейіпке енуде

Орал қаласында көшелерге жол салу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар биыл қала іргесіндегі Деркөл кентінің Сарыарқа шағын ауданында асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Деркөл кентіндегі Б.Майлин, Абылай хан, Саржайлау, Тақсай, Ғ.Мүсірепов көшелерінің жолдарына асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Енді кенттегі Ә.Өмірзақова көшесінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Тағы бір айта кетерлігі, биыл аталмыш елді мекенге қарасты Сарыарқа шағын ауданындағы көшелерге жалпы ұзындығы 10,3 шақырым асфальт төселетін болады.

Оралдың Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі Светлая көшесінде де жол салу жұмыстары басталған болатын. Жыл соңына дейін бұл көшедегі 1,4 шақырым жол аяқталады деп жоспарланған.

Ал облыс орталығына қарасты Зашаған кентінің Сарытау шағын ауданында жеті көше бойынша жолдар жөнделуде. Өткен жылы Айтқұлов, Күлтегін, Шайхиев, Ақын Сара көшелерінде жұмыстар аяқталса, биыл Қабдолов, Сұлтан Бейбарыс, Мөңкеұлы көшелерінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған шағын ауданда жыл соңына дейін жоба бойынша 6,5 шақырым жол салынады деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, биыл Оралда 60-тан астам көшеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 10-нан астам көшеде фрезерленген материалдар төселді. М.Ықсанов көшесі (№7 ЖОББ мектебі), Чуйков көшесі (№16 ЖОББ мектебі), Мөңкеұлы көшесі (№47 ЖОББ мектебі), Самал көшесі (№37 ЖОББ мектебі) аумақтарына жаяу жүргіншілер жолдары орнатылды.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
01.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5543
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5691
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20661
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19295
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22755