Жолдау кітапханашыларды да қуантты

Жолдау кітапханашыларды да қуантты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы жылғы Жолдауында еліміздің алдағы уақыттағы даму жоспарын айқындап, жаңа міндеттерді белгілеп берді. 

Президенттің атқарушы билікке қойған басты бастамасы – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мен жастардың болашаққа нық қадам басып, ертеңгі күнге сеніммен қарауына жағдай жасау. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы құжатта ерекше атап айтқан мәселе, ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге көтерумен жаңа жұмыс орындарының ашылатындығы туралы бірнеше бағыттағы жоспарлармен бөлісті. 

Мемлекет басшысының әрбір жолдауында басты назарға алынатын мәселе – білім мен ғылымды дамыту. Білім беруді ұйымдастыру мен ғылым саласын жүйелендіру – негізгі міндет. Сондай-ақ Мемлекет басшысының жолдауында мәдениет саласына ерекше көңіл бөлініп отыр, соның ішінде кітапхана мамандарының жалақысын 2022-2025 жылдар аралығында әр жылы 20 пайызға көтеру туралы нақты ұсыныс жасағаны бізді қуантты. Қоғамның дамуы, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Ал кітапхана – түсінген жанға мешіттен кейінгі қасиетті киелі шаңырақ. Білім мен ғылымның,  әдебиет пен мәдениеттің інжу маржандары кітап атаулыға шоғырланған.  Кітапхана – адамзаттың рухани тыныс-тіршілігінің көзі. Кітапхана қызметін пайдаланушылардың деңгейлері жоғары, сұранымдары өте күрделі, олардың қажетті талап-тілектерін толық орындап, жаңа ақпарат көздерін дер кезінде тауып, жедел хабарлап отыру, әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашу арқылы озық технологияларды енгізуге барынша үлес қосып жүрген кітапханашыларға Мемлекет басшысы ерекше мән беріп қолдау көрсетуі,  мамандардың беделін көтеріп, өз қызметтеріне деген қызығушылығын оятып ынталандырады.

Мирамгүл Акимова, Орал қалалық кітапханалар жүйесінің кітапханашысы
14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 36
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 72
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 58
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 29
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 64
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 72
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 64
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 60
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 66
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 57
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 64
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 62
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 287

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9298
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8693
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11921
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9695
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10903