Жуалыда ризық дәні сіңірілуде

Жуалыда ризық дәні сіңірілуде

Астық жинау науқаны аяқталысымен Жуалы ауданының шаруашылықтары күзгі дала жұмыстарына кірісті. Егіншілер қазір алдағы жылдың өнімі үшін алқаптарға күздік бидай себумен қат-қабат егілетін күздік бидайдың егістік алқаптарына қажетті тұқымдарын ауданда орналасқан тұқымдық зертханаға өткізіп, оның кондициялық жарамдығы туралы куәлік алуда.

Жуалы ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметтеріне қарағанда, өңірде 2022 жылдың өнімі үшін егілетін күздік бидайдың жалпы егістік көлемі 9 700 гектар болса, оған қажетті тұқым 1 746 тонна. Шаруашылықтардың қолда бар тұқым қоры 1 646 тоннаны құрайды. Жетіспейтін тұқым 100 тонна. Шаруалар тарапынан бұған дейін Алматы облысындағы Қазақ Егіншілік ғылыми-зерттеу институтынан «Стекловидная-2430» сұрыпты 30 тонна, Шығыс Қазақстан облысындағы тұқым шаруашылықтарынан «Гром» сұрыпты 40 тонна элиталық тұқымдар сатып алынған. 

– Бүгінгі күнге тұқымдық зертханаға күздік бидайдың тұқымдары толығымен өткізілген. Оның 500 тоннасы – І дәрежелі, 960 тоннасы – ІІ дәрежелі, 286 тоннасы – ІІІ дәрежелі, ал репродукциясы бойынша 482 тонна – І репродукциялы, 860 тоннасы – ІІ репродукциялы, 386 тоннасы – ІІІ репродукциялы тұқымдар. 

Ауданда «Алтынай» ШҚ-да 100 тонна, «Әділет» ШҚ-да – 10 тонна, «Гамбург» ЖШС-де – 60 тонна, «Рысбек батыр» ШҚ-да – 15 тонна, «Асылхан» шаруа қожалығында 100 тонна сатылатын күздік бидайдың «Стекловидная-24» сұрыпты тұқымдары бар.

Сондай-ақ облыста элиталық тұқым  шаруашылықтары болып саналатын Жамбыл ауданындағы «Қызыл диқан» ӨК-інде, Т.Рысқұлов ауданындағы «Шалқар» шаруа қожалығында, Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» ЖШС-де күздік бидайдың және арпаның жоғары репродукциялы тұқымдары сатылуда. «Сыпатай батыр» ЖШС-де күздік бидайдың элиталы тұқымының килосы 200 теңгеден. Оның 78 теңгесі субсидияланады, – дейді аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Сәбит Нұрлыбаев.

Бүгінгі күнге барлығы 6 900 гектар алқапқа ризық дәні сіңірілген. Күзгі дала жұмыстары жалғасуда.

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 100
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 111
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 569
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 516

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9218
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8614
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11840
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9610
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10823