Жуалылық қаламгерлер туған жер төрінде

Жуалылық қаламгерлер туған жер төрінде

Қасиетті жұма күні киелі Жуалы жерінен шыққан ақын-жазушылар ауданда қонақта болып, тағлымды әрі мәнді шараға қатысты. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған игі шараға зиялы қауым өкілдерінен Күміс Пармашқызы, Сәбит Дүйсебаев, Доқтырхан Тұрлыбек, Мырзахан Ахметов, Талғат Айтбай және Исан Тілегенов арнайы келді.

Ақын-жазушылар алдымен аудан әкімі Олжас Қаржауовтың қабылдауында болды.

Әрі қарай жуалылық қаламгерлер өз туған жерінде өткізіліп жатқан "Тәуелсіздік - ән-жырым" атты аудандағы ауыл күндерінің куәсі болды. Туған жеріне деген сағыныштарын басып, ауыл көркемөнерпаздарының өнерлерін тамашалады. Сонымен қатар, туған жерлерінің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін, ауыл кейпінің жақсы жаққа өзгергенін көріп, бір марқайып қалды.

   

Бір күнге ұласқан мерекелік шара аудандық "Достық" мәдениет үйінде жалғасын тауып, жуалылық қаламгерлермен "Тәуелсіздік - таңғы нұр, туған жерім - мәңгі жыр" тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. 

 

Кеш барысында ақын-жазушылармен сырлы сұхбат жүргізіліп, өткен күндерді еске алды. Жас ұрпаққа тағлымды әңгіме айтып, өз шығармаларынан сыр шертті.

Жуалы ауданы әкімдігі
12.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5477
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5629
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20600
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19228
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22692