Жуалының мәдениет үйі қайта жаңарды

Жуалының мәдениет үйі қайта жаңарды
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Жуалы аудандық «Достық» мәдениет үйі қайта жөндеуден кейін салтанатты түрде ашылды. Мерекелік шараға аудан әкімі Олжас Қаржауов, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Возможно, это изображение (4 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и в помещении)
?Салтанатты шара басталмас бұрын LED экран арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы туралы деректі фильм көрсетілді.
Возможно, это изображение (4 человека и в помещении)
Мерекелік жиынның шымылдығы Мемлекеттік Әнұранмен түріліп, алғы сөз аудан әкімі Олжас Қаржауовқа берілді.
Бүгін егемен еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызы айрықша, аса бір айшықты күнге орай бас қосып отырмыз. Себебі, 1991 жылдың осы күні Қазақстан халқы алғаш рет Тәуелсіз мемлекеттің Тұңғыш Президентін сайлап, тарихи таңдауын жасаған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – тарихи бетбұрыс тұсында тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің еңселі болуының қайнары болды.
Ал Тұңғыш Президент күні – елі мен жерін сүюдің, туған халқын құрметтеудің өлшеусіз өнегесін көрсетіп келе жатқан өр Тұлғаға деген халықтың сүйіспеншілігінің көрінісі деп білеміз.
Сондықтан, бұл мерекенің баршамыз үшін орны ерекше, мәртебесі биік, маңызы зор, - деген аудан әкімі Олжас Есалханұлы тәуелсіздік жылдары ішінде жас мемлекетіміз қалыптасып, экономикамыз жаңаша сипатқа көшкенін және еліміз бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылық пен татулықтың киелі ордасына айналғанын баса айтты. Сонымен қатар, бүгінде Қазақстан мемлекеті әлем мойындаған азат ел, еркін ұлт және әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі, мақтан тұтар мәдениеті, лайықты салт-дәстүрі бар мемлекет екенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, аудан басшысы осы сара жолда халқын адастырмай, сүріндірмей көш бастаған дәуір дарабозы Елбасымызға қашан да құрмет көрсету – әр азаматтың парызы екенін айтып, Жуалы жұртын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
?Бұдан соң, мерекелік кеш мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Возможно, это изображение (3 человека, люди стоят, костюм и в помещении)
30.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 86
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 94
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 329
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 554
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 501

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9205
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8602
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11829
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9599
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10813