Жүкембаев Альваресті нокаутқа жіберді

Жүкембаев Альваресті нокаутқа жіберді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті 69 секундта нокаутпен жеңді. Бұл кездесу Монреальда өтті. Жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын, бірақ Батырға 1 минут уақыт жеткілікті болды. Қазақстандық боксшы қарсыласына бірден қысым жасап, кездесу бастала сала қарсыласына ауыр соққыларын жұмсады. Оның бірі нокдаунмен аяқталды, бірақ қарсылас кездесуді жалғастыра алды.  Жүкембаев шабуылдарын жалғастырып, ұрыс қарқынын үдете түсті. Мартинес Батырдың қарша бораған соққыларына төтеп бере алмағандықтан, төреші амалсыздан жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. 

Ермек САХАРИЕВ
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 51
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 47
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 51
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 48

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25131
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24650
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37938
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42408