Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысуға жұмыс іздеуші адамдардың және (немесе) жұмыссыздардың, қандастардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің құқығы бар.
Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:
1) он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен түлектері;
2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:
1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беруді;
2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй ұсынған жағдайларды қоспағанда, қызметтік тұрғынжай немесе жатақханалардан бөлме береді;
Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Қосымша ақпарат алу үшін Сарысу ауданы бойынша Мансап орталығы филиалынан білуге болады. Жаңатас қаласы, Жібек жолы 31Б көшесі, байланыс нөмірі 8726 34 6-10-60