Жыл басталғалы – 32 медаль!

Жыл басталғалы – 32 медаль!

Алматы қаласында қазіргі бессайыстан Қазақстан Республикасының ашық кубогы өтті. Аталған жарыста еліміздің бірнеше облысынан 120 спортшы бақ сынады. Жарысқа Өзбекстанның Ташкент қаласынан да құрама команда келіп қатысты. Бұл жарыстың бәсі жоғары екенін осыдан да біле беруге болады.

Бұл сайыстан әртүрлі жас ерекшелігі бойынша облыстағы «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаттықтырушысы С.В.Селиверстованың шәкірттері жақсы нәтиже, жоғары жетістікпен оралды. Атап айтқанда, М.Афанасьев, А.Лапшин, Н.Базархан, А.Серікбай, А.Жирякова, А.Қазыбекова, Д.Щедрова, эстафеташы А.Карим жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Осы жарыстан соң жамбылдықтар рейтингте көрсеткіштерін жақсарта түсті. Олар 12 алтын, 11 күміс, 7 қола медальді еншіледі.

Сондай-ақ Астана қаласында жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өткен болатын. Оған еліміздің барлық облыстарынан 272 спортшы қатысты. Аталған жарыста біздің орталықтың спортшысы Ринат Кулыгин 2 мың және 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден ел чемпионы атанды. Жаттықтырушысы – Зифа Галиулина. Ринаттың Меркі ауданындағы №4 спорт мектебінің түлегі екенін де айта кеткеніміз жөн.

Сондай-ақ қордайлық Виктория Сукачева, 800 метрге жүгіруден төртінші орыннан көрінді. Ал Ульяна Лешинская алтыншы орынмен шектелді. Екеуі де А.Ахметова бапкерден тәлім алған. Осылайша жыл жеңіспен басталды.

Әшірәлі КЕНЖЕҒАРА, «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының» қызметкері. Жамбыл облысы
30.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 63
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 63
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 174

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 95
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 170
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 166
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 175
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 174