Қоғам арасында маңдай терімен абыройлы іс атқарып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген азаматтар қай кезде де құрметке лайық.
Бүгін аудандық жаңа мәдениет үйінде «Жыл үздігі» номинациясы бойынша марапаттау салтанатты шарасы өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы қатысып, сөз сөйледі. Жыл ішінде атқарылған іргелі істерге тоқталды.
— Өтіп бара жатқан жыл ауданымыз үшін табыс пен жетістіктерге толы жыл болды. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы айтарлықтай өсті. Осының бәрі ауданымыздағы әр салада еңбек етіп жүрген аудан тұрғындарының еселі еңбегі. Сондықтан біз еңбек адамдарына құрметпен қараймыз. Алдағы Жаңа жыл да біздің берекелі бірлігімізді, табысты тірлігімізді еселей түсеріне сенемін, — деген аудан басшысы, жиналғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Мұнан соң Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жылдың қорытындысымен бірқатар аудан азаматтары марапат төрінен көрінді.
Жыл көлемінде әр сала бойынша елеулі еңбегімен жетістікке жетіп жүрген жыл үздіктеріне түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды.
Салтанатты шара әрі қарай мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі