Жылдық инфляцияның деңгейі қанша?

Жылдық инфляцияның деңгейі қанша?

Үкімет отырысында осы сауалға жауап берген Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов: «Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы осы жылғы наурыз айындағы ең жоғары көрсеткіштен төмендегеніне қарамастан, орташа жылдық мәндерден біршама асып, жеделдей бастады. Оқу жылының оффлайн форматына толық өтуі, Ресейде жарияланған ішінара мобилизациядан кейін көрші елден халықтың ағылуы аясында тұрғын үйді жалдау ақысы бойынша, сондай-ақ білім беру қызметі және кеңсе тауарлары бойынша соңғы екі айда бағаның айтарлықтай өскені байқалды. Жылдық мәнде инфляция 17,7 пайызға жетті. Бұған азық-түлік өнімдері бағасының өсуі айтарлықтай үлес қосты.  Ол жылдық мәнде 22,2 пайызға жетті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорттық тауарлардың қымбаттай түсуінен және оларға сұраныстың жоғары болуынан 17 пайызға дейін жылдамдады. Ақылы қызмет көрсету инфляциясы 12,3 пайызға жетті. Фискалдық ынталандыру аясында жоғары инфляциялық процестердің орнықтылығы және экономикадағы сұраныстың күшеюі, оның ішінде жоғары инфляциялық күтулерді қолдайтын жаңа күтілмеген сыртқы өзгерістерді ескерсек, ақша-кредит саясатын одан әрі қарқындату талап етіледі», – деп мәлімдеді. 

 

Г. ТҰРСЫНҚОЖА
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5058
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5222
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20183
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18827
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22282