Жылқы жанашырларының алғашқы клубы

Жылқы жанашырларының алғашқы клубы

Елімізде алғаш рет Qazaq Jockey Club қоғамдық бірлестігі құрылды. 4 қараша күні Алматыда жылқы жанашырлары, атбегілер, шабандоздар мен ат иелерінің қатысуымен алғашқы құрылтай съезі өтті. Құрылтай шешімімен Жокей клубының құрамына салт міністі жылқы иелері, жаттықтырушылар мен жокейлер кірді. Құрылтай барысында елдегі бәйге мәселесі, ұшқыр бәйге, оған шабандоз (жокей) дайындау мәселесі, елдегі ипподромдар, жүйрік ұстап отырған ат иелерінің жағдайы сөз болды. Жиынға қатысушылар осындай күрделі әрі қордаланған мәселелерді шешу мақсатында тұңғыш рет Qazaq Jockey Club-ын құрып, оның төрағалығына белгілі атбегі, жылқы шаруашылығының иесі Мақсат Ахаевты сайлады. Сонымен қатар съезде жокей клубының негізгі міндеттері анықталды. Олар: ұлттық бәйге индустриясын сақтауға жағдай жасау; индустрияның барлық қатысушысын біріктіру; индустрияны қаржыландыру құралдарын іздеу және нарықтық жағдай жасау; индустрияда сұранысқа ие мамандықтар үшін білім беру бағдарламаларын құру; Қазақстан өңірлерінде ат жарыстарын өткізіп және дамыту.

Qazaq Jockey Club мүшесі, Республикалық зауыттық жылқы тұқымдары палатасының Президенті Талғат Жайсаңбаев: «Бұл көптен көкейде жүрген мәселе болатын. Ақыры ат иелерінің басы қосылды деп ойлаймын. Әрине, біз дәстүрлі бәйгемізді жоққа шығарайық деп отырған жоқпыз. Дегенмен, қазір әлем бәйге алаңы десе ұшқыр, тызетпе аламандарға назар аударатыны белгілі. Ал біздің саусақпен санарлық жокейлеріміз ғана еуропалық бәйгелерде шабандоз болып жүргені болмаса, ол жаққа ат апарып жүрген бапкерлеріміз немесе ат иелері жоқ. Себебі ондай мүмкіндік өз елімізде жоқ. Екіншіден, елдегі атшабарлардың мәселесі де оңай болып тұрған жоқ. Соның бәрін осы клуб аясында шешу мүмкіндіктерін қарастырсақ деген ой. Әрине, мақсатымыз – халықаралық деңгейге шығу», – дейді. Жиын соңында 2023 жылға арналған ұшқыр бәйге күнтізбесі ұсынылды.

Ермек САХАРИЕВ
11.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 313
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 307
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 930

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9003
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8398
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11624
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9381
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10607