ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Облысқа жұмыс сапарымен келген Энергетика министрі Болат Ақшолақов өңір басшысы Құмар Ақсақаловпен бірге Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығына барып, жартылай опырылып құлаған мұржаны жаңарту мәселесін пысықтады және  «Севказэнерго» акционерлік қоғамы өкілдерінің қатысуымен өткен шұғыл кеңеске қатысты.

Жиында жылу-электр орталығын қалпына келтіру жұмыстарының жоспары нақтыланып, Болат Ақшолақовқа нысанды жөндеуге арналған жол картасы таныстырылды. Белгілі болғандай, бұл мақсатқа 17,5 млрд теңге жұмсалмақ.

Энергетика министрі Жастар сарайында өңір тұрғандарына, ведомствоның 2021 жылғы жұмысының қорытындысын жариялап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Болат Ақшолақовтың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жанар-жағармай нарығын реформалау жөнінде алдағы жұмыс жоспары нақтыланды.

– Мұнай өнімдерін өндіру және бөлу саласында ашықтықты және транспаренттілікті қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар қолданылады. Қазіргі таңда заңға өзгертулер енгізіледі деп күтілуде. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамы базасында 150 мың тонна көлемінде және «ҚТЖ» акционерлік қоғамында 50 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резерві құрылады. Ел аумағынан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға 6 ай мерзімге дейін тыйым салынды, – деді министр Болат  Ақшолақов.

Кездесуде Болат Оралұлы көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін еліміздің ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған жанар-жағармай қоры жеткілікті екенін айтты. Бұл мақсаттарға мұнай өңдеу зауыттарында 400 мың тонна дизель отыны қарастырылған. Оның 71 мың тоннасы солтүстікқазақстандық диқандарға бөлінеді.

Министр газдандыру мәселесіне де тоқталды. Бүгінде облыс бойынша сұйылтылған көгілдір отынды саудалайтын 18-ге жуық ұйым мен көліктерге құятын 108 газ станциясы бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі оның шекті бағасын бекіткен болатын. Облыста оның  бір литрінің құны  70 теңгені құрайды.

–  Энергетика министрлігі ұзақмерзімді сұйытылған газ нарығын реформалау шараларын қабылдап жатыр, – деп атап өтті министр. Жиында «Солтүстік Қазақстан электржелілік тарату компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысы туралы да айтылды. Кәсіпорын иелігінде 13 мың километр болатын сым желісі бар. Тұрғындарға тұрақты түрде электр қуатын беретін 2376 подстанция жұмыс істеп тұрғанымен, солардың 76 пайызының тозығы жеткен. Энергетика министрі бұл мәселені монополист компания жуық арада шешуі қажеттігін ескертті.

Болат Оралұлы облыс тұрғындарының сұрақтарына да жауап берді. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Павел Афанасьев жылу-электр орталығының жұмысын қадағалайтын бақылау органының жоқтығына шағымданды.

– Мұндай монополист компанияға кіріп, тексеріс жүргізетін мемлекеттік ұйым жоқ. Бұрын бұл міндетті Энергетика министрлігіндегі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті атқарған. Кейін заң жүзінде бұл құзыреттілік алынып тасталды. Бүгіндері оны қайта енгізу туралы шешім қарастырылып жатыр, – деген Болат Ақшолақов өңірге газ құбырларын тарту жөніндегі мәселеге де тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта көгілдір отын «Сарыарқа» бағдарламасы арқылы Нұр-Сұлтанға дейін жетті. Көкшетау мен Петропавл қалаларына құбыр тарту қарастырылуда.

Газ құбырлары 1,5-2 жыл ішінде салынады. Бұл оңай жұмыс емес. Қазіргі күні министрлік екі жобаны қарастырып отыр. Оның бірі – елордадан газ тарту, ал екіншісі – Солтүстік Қазақстан облысымен шектесетін Ресейдің өңірлерінен жеткізу. 

 

 

Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 61
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 46
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 452
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9066
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10071
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11280