10 бала тапқан ананы неге миллиардер етпеске?

10 бала тапқан  ананы неге  миллиардер  етпеске?

 30 жылда өзбектер 15 миллионға көбейді, ал біз 2-ақ миллионға ғана көбейе алдық. Неге? Рас, бәрі де әлеуметтік жағдайға келіп тіреледі. Сонда өзекеңдер соншама бай ма? Жо-жоқ, ағайын, бұл жерде басқа ерекше гәп бар тәрізді. Бір көңіл аударатын нәрсе, біздің аналарымыз, әйелдеріміздің дені 90-шы жылдары ала қоржын арқалап, күнкөрістің қамымен қаңғып кетті.

 «Қаңғып жүрген әйел бала туушы ма еді? Әрине, жоқ. Еркектер үйде азын-аулақ малын күйттеп, екі-үш баласын қарады. Бұл ала қоржынның жыры кешегі күнге дейін созылды. Ал өзбектердің хотундары үйінің тіршілігін дөңгелетіп, балаларын көбейтіп, бағып-қағып, күйеулерінің тапқан аз-маз нәпақасын жеткізіп, отбасына жаратты. Міне көрдіңіз бе, өзбектер қалай көбеюдің жолдарын білді! Мемлекет басшылары көбею қажеттігін, сонда ғана сыртқы жаудан қорықпай өмір сүре алатынын насихаттап хотундарды соған иландырды. 

Әйтпесе қазақ аналары ешкімнен кем емес. Алтын жатырлы аналарымыз соғыстан кейінгі қиын жылдардың өзінде он баладан кем туған жоқ. Аштықтан, соғыстан қынадай қырылып қалған қазақ өз елінде азшылыққа ұшырап, жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Кеңес өкіметінің негізінен көздегені, яғни зұлым саясаты қазақтарды түбірімен жойып, олардың жерін иелену еді. Орыстар қазақтарды «малға» айналдырып, олардың рухын біржола жаныштап, мәңгүрттер тобырын жасағысы келді. Оларды қалаға жолатпады. Сондықтан қазақтардың барлық жағдайларын жасап, оларды ауылдарға «қамады». «Қамағаны» жақсы болды. Есесіне қазақ көбейді. Бұл аналарымыздың бір ерлігі. Желтоқсан көтерілісі кезіндегі қыздарымыздың батырлығын қалай айтпасқа?! Жоғарыда айтқанымыздай аналарымыз ала қоржын арқалап, қазақ халқын ашаршылықтан қорғап қалды. Өкінішке қарай, қарыштап көбейе алмадық. 

Енді не істейміз? Бір-ақ жол бар. Тағы да біздің жағдайымыз НӘН-ге және оның айналасындағылардың байлықтарына келіп тіреледі. Тезірек ол байлықты тартып алып, қазақ аналарының жағдайын  жасау қажет. Аналармен мемлекетіміз келісімшартқа отыруы тиіс. Бір бала туса мынадай ақша деп, екіншісі келгенде тағы да жақсылап ынталандырып, үшіншісіне келгенде зәулім үй тегін берілсе. Төртіншісі, бесіншісі, алтыншысы, жетіншісі, сегізіншісі, тоғызыншысы, оныншысы келгенде миллиардерге айналдыру керек. Міне, осы кезде қазақ көбеймесе, маған кел! Тек НӘН-ге және оның жандайшаптарына осыншама ен байлықты 30 жыл бойына шып-шырғасын шығармай сақтап, халқына «сыйлағаны үшін заманауи түрме соғып, «алғысымыз» ретінде өмір бойына сол жерде «жақсы жайлы» өмір сүруі үшін жағдай жасауды әсте ұмытпауымыз керек.

Қадірлі аналар, ару қыздарымыз төл мерекелеріңіз құтты болсын! Алла Тағалам қазақ халқын қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын ғажап та жарқын өмірге жеткізсін! Әумин!

 

Ертай Айғалиұлы
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 178
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9159
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765