21 ауыл «көгілдір отынды» тұтынып отыр

21 ауыл «көгілдір отынды» тұтынып отыр
Түркістан облысында елді мекендерін газдандыру жұмыстары қарқынды. Өткен жылы өңірдегі 48 ауыл табиғи газға қосылып, қамту деңгейі 61,6%-ды құрады. 2012-2022 жылдары құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 38 проблемалық нысан бойынша тиісті жұмыс атқарылды. Нәтижесінде, 91 мың халық тұратын 27 ауылдың мәселесі шешіліп, газға қосылды.
Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округіне қарасты Талап елді мекеніне де табиғи газ берілді. Салтанатты шараға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Азизханов қатысып, Талап елді мекені тұрғындарымен газ торабының тетігін іске қосты. Талап ауылы биылғы жылдың басынан бері табиғи газға қосылып отырған үшінші елді мекен. Енді 700-ге жуық тұрғын табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 13 елді мекенді газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 5 елді мекенді газдандыру бойынша бюджетке қаржыландыруға ұсыныс жасалса, қалған 8 елді мекеннің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Айта кетейік, Бәйдібек ауданында 2015 жылы магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп, аудан орталығына газ берілген болатын. Бүгінгі таңда аудандағы 21 ауыл «көгілдір отынды» тұтынып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
12.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 78
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 74
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 79
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 53
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 29

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1301
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7346
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11211
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7400
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7553