Ауғанстандағы жағдай Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Ауғанстандағы жағдай Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

«Астана» арнасы: «Отандық саясаттанушылар Ауған мемлекетінің тәліптердің қолына көшуі өзге елдерге кері әсерін тигізбей қоймайтынын мәлімдеді. Айтуларынша, Қазақстан да қауіп-қатерге ұрынуы әбден мүмкін»,— деп хабарлайды. Саясаттанушы Расул Жұмалы: «Меніңше, бұл — алаңдаушылық тудыратын жағдай. Ауғанстандағы шиеленіс, саяси тұрақсыздық әлі ұзаққа баратын түрі бар. Енді оның салдары мынау көршілес жатқан аумақтарға, оның ішінде Орталық Азияға қалай әсер етеді деу — ең алаңдаушылық туғызатын жағдай. Әсіресе, біздің мемлекетке. Енді қазір тікелей әскери шабуыл жасайды деуге болмайтын шығар. Үкімет, «Талибан», басқа саяси күштер Ауғанстанның ішіндегі мәселелерді қалпына келтірумен айналысатын шығар. Негізі басымдық осы», — десе,  саясаттанушы Ерлан Сайыров: «Босқындар тек қана Өзбекстан мен Тәжікстан ғана емес, сонымен бірге Қазақстанға да өтіп кетуі ықтимал»,— дейді.  Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон болса: «Біз ешкімнің «Талибанды» екі жақты мойындағанын қаламаймыз. Ауғанстан қайтадан террор ошағына айналмауы үшін мүмкіндігінше барлық пікірлес адамдардың біртұтас позициясын құрғымыз келеді»,— дейді Ауғанстандағы жағдай сағат сайын құбылуда. Жақында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайға қатысты шұғыл жиын өткізбек.

Ермек Сахариев
19.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 270
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 243
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 245

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20559
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20354
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35456
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34027
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37886