45 жастан кейінгі денсаулық: Алматыда менопауза мен андропауза бойынша Үшінші Еуразиялық конгресс өтеді

45 жастан кейінгі денсаулық: Алматыда менопауза мен андропауза бойынша Үшінші Еуразиялық конгресс өтеді

25-26 қыркүйекте Алматы қаласында, «Достық» қонақүйінде (Құрманғазы к-сі, 36, басталуы сағат 9:00-де) Менопауза және андропауза бойынша Үшінші Еуразиялық конгресс өтеді.

Жасқа байланысты гормоналды өзгерістер кезеңіндегі әйелдер мен ерлердің денсаулығына және салауатты ұзақ өмір сүру стратегияларына арналған бұл халықаралық кәсіби алаңда Қазақстанның, Еуропаның, Азияның және ТМД елдерінің жетекші мамандары — акушер-гинекологтар, эндокринологтар, уролог-андрологтар, кардиологтар және басқа да медицина салаларының өкілдері бас қосады.

Шетелдік негізгі спикерлер:

– Qi Yu (ҚХР) – Азия әйелдеріндегі менопаузаның клиникалық ерекшеліктері туралы;

– Andrea R. Genazzani (Италия) – менопауза кезеңінде медициналық көмек көрсетудің заманауи клиникалық тәсілдері туралы;

– Sodnomdorj Enhee (Моңғолия) – менопаузаға өту кезеңіндегі психоэмоциялық және когнитивті белгілер туралы баяндама жасайды.

Конгресті «Қазақстанның менопауза бойынша қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы ұйымдастырады.

Бүгінде 45 жастан асқан әйелдердің денсаулығы тек медицина саласының ғана мәселесі емес. Менопауза кезінде әйелдің жалпы жағдайына, өмір сапасына және еңбекке қабілеттілігіне әсер ететін түрлі белгілер байқалуы мүмкін. Сонымен қатар жас ұлғайған сайын остеопороз бен сүйек сынуы, жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті және когнитивті бұзылыстардың пайда болу қаупі артады.

Ерлер денсаулығы да кем түспейтін маңызды тақырып. Конгресс ұйымдастырушыларының мәліметінше, климактериялық синдромның белгілері 40 жастан асқан ерлердің 10-35%-ында байқалады. Ерлердің бір бөлігінде тестостеронның жасқа байланысты тапшылық белгілері анықталады, бұл да уақытылы диагностиканы және жеке медициналық сүйемелдеуді талап етеді.

Екі күн бойы сарапшылар соңғы репродуктивті, менопаузаға өту және одан кейінгі кезеңдердегі әйелдер мен ерлердің денсаулығын сақтаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ жыныс гормондарының жасқа байланысты тапшылығы мәселелерін талқылайды.

Жекелеген сессиялар жасқа байланысты аурулардың алдын алуға, когнитивті денсаулықты сақтауға және өмір сүру сапасын арттыруға арналады.

Конгресте халықаралық ұсынымдар мен оларды Қазақстанның медицина тәжірибесіне бейімдеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады. Мамандар нутрициологияның, гормондық және гормондық емес тәсілдердің рөлін, әр адамға жеке ем тағайындау мәселелерін, сондай-ақ әйелдер мен ерлер денсаулығын сақтауда түрлі сала мамандарының бірлесіп жұмыс істеуін талқылайды.

Конгрестің ерекшелігі – түрлі медицина саласының мамандарын ортақ мақсатқа жұмылдыру. Негізгі мақсат – жасқа байланысты өзгерістер кезеңінде де адамның белсенділігін, денсаулығын және жоғары сапалы өмір сүру салтын сақтауға мүмкіндік беретін тиімді тәсілдерді ұсыну.

21.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27827
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27325
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44675
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44997