5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордалық көкпаршылар шеберлік дәрісін өткізді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордалық көкпаршылар шеберлік дәрісін өткізді

Астана қаласының маңындағы Талапкер ауылында көкпар ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан үшін 2024 жылдағы басты спорттық бәсекелердің бірі – Париж Олимпиадасы болса, екінші кезекте – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Астана қаласында өтетін халықаралық шараға әлемнің 89 елінен спортшылар келеді.

1 ай ғана уақыт қалған доданы қоғам арасында кеңінен таныту үшін еліміздің барлық өңірінде «Бірлік керуені» атты топ құрылды. Бұл топқа арнайы іріктелген 10 спорттағы қайраткерлер, журналистер кірді. Міне, бүгін осы көшпенділер ойынының бағдарламасына кіретін спорттарды насихаттау мақсатында көкпардан шеберлік дәрісі өтті.

«Көкпар – қазақтың байырғы заманнан келе жатқан ұлттық спорттың түрі. XXI ғасыр жаһандану кезеңімен тұспа-тұс келгенімен, ұлттық дәстүріміз де ақырындап ұмытылып барады. Күзде алғаш рет ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының да маңызы зор. Кей адамдар үшін бұл жүлде жиынтығы сарапқа салынатын қарапайым ғана жарыс болса, біз үшін бұл ата-бабамыздан қалған дәстүрімізді жаңғырту, келешек ұрпаққа айтып қана қою ғана емес, іс-жүзінде көрсету деп білемін. Бұнымен шектелмейміз. Алдағы күндері атқа отыру, асық ату т.б спорт түрлерінен де шеберлік дәрісі өткізіледі», — деді Астана қаласының көкпардан жаттықтырушысы Ерлан Қанапин.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойыны елордамызда 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Сондай-ақ, «Бірлік керуені» жобасы еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылуда.

Көшпенділер мәдениетінің негізінде құрылған «Бірлік Керуені» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын республика көлемінде сезінуге мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.

08.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 520
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 627
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 632
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 625
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 628
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 404

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11705
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10634
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13867
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12825
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17830