Әбиба неге кешірім сұрады?

Әбиба неге кешірім сұрады?

Әбиба Әбужақынова – қыздар құрамасының көшбасшысы. Барған жауапты жарыстарынан олжасыз оралмайды. Әлемдік рейтингте 3-орында. Мұндай орынға қазақ дзюдошы қыздарынан әзірге ешкім жеткен жоқ. Парижде финалда-ақ күресетін әлеуеті бар еді. Сәл сәттілік жетіспеді.

Қола медальға жарақатымен шықты. Қарсыласы, он сегіз жастағы қыз швециялық Тара Бабулфат бәрін білді. Спортшыға құрметтен ада қыз жарақат алған аяғын теуіп тастағанын көріп отырдық.

Жеңілгеніне қорланған Әбиба жылады. Жылап отырып үміттерін ақтай алмағаны үшін қазақ халқынан кешірім сұрады. Мына жақта отырып алтын қыздың жүрекжарды сөзі үшін өзіміз де көзімізді шылап алдық.

Ал Елдостың тарихи жеңісіне қалың қазақ шаттанды. Солардың бірі ақтөбелік кәсіпкер Әнуар Маханов деген азамат сүйіншіге 100 жылқы атады. Нағыз Атымтай Жомарт екен. Қыртып сөйлемесе көкнарға масайған киевандар құсап шалықтайтындар, «жылқысы бір жұтта қырылып қалады ғой. Ақтөбедегі су тасқынына неге бермеді?» деп жатыр. Берген де шығар. Мемлекет ешкімді өз мұңымен қалдырған жоқ.

Ал, ел мерейін тасытқан Елдос бастаған ерлерге алтыннан сарай салдырып берсең де аздық етпейді. Соның бірі – Әбиба. Бір сұхбатында Атыраудағы үйі ипотекада екенін айтып қалды. Қасына Есмигүлді алған екен. «Париж олимпиадасының алтынын алсам, үй және әйбат машина алам» деп күліп, арманын да айтып қалды. Жас қой, жарасады.

Әбибаның тарихи жеңістері:

2021 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында қытайлық спортшы Ли Янаннан жеңіліп, күміс медаль алды.

2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен құрлықтық чемпионатта Әбиба тағы да күмісті жеңіп алды, бұл жолы финалда жапондық Вакане Когаға жол берді.

Ташкентте өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында қола медаль ұтты.

2023 жылы Португалиядағы Гран-при сериясындағы турнирде жеңімпаз атанды. Ол дзюдодан осындай беделді турнирде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық болды.

Орысша сұрақ қойған журналиске қазақша сұхбат берген Әбиба – кешегі батыр Әлия, Мәншүк, Хиуаз апаларының жұрнағы. Жеңіске жетсе мәз болып, кимоносындағы қазақ елтаңбасын көрсетіп, қолымен жүректі бейнелейтін сұрапыл қыз да бар құрметке лайық.

Елдосқа 100 қылқұйрық атаған мәрт қазақтар қазақта көп. Допты қисық тебетіндердің өзі сайыпқыран Елдостан көп ақша табады. Жанды дауыспен ән айта алмайтын фонограмшик, әнебір ағамыз айтып жүргендей «шегірткелерге» де үйіп төгіп ақша беретіндер осы жолы бір қайрат көрсету керек.

Әбиба жарақат алса да «белім ауырды», «тізем ауырды» деп жеме-жемге келгенде Олимпиада ойындарынан бас тартқан анау келімсектердей, ат басындай алтын беріп ардақтап жүрген отансыздардан барлық жағынан артық. Атымтай жомарттар, қайдасыңдар?!

 

Ертай Айғалиұлы
01.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

БИЫЛ ЖЕТІСАЙДА 13 СПОРТ НЫСАНЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.09.2024 94
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚТАР ӨҢІРДІ КӨШЕТПЕН ҚАМТУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.09.2024 108
ТҮРКІСТАНҒА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 10.09.2024 117
ТҮРКІСТАН: МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.09.2024 100
28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 423
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 617
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 496
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 518

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4323
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3766
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6072
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4723
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5922