Әділет Алмат – шемпион!

Әділет Алмат – шемпион!

Дзюдодан Испанияның Ла Нусия қаласында өтіп жатқан Еуропаның ашық кубогында Қазақстан құрамасының балуаны Әділет Алмат чемпион атанды.

Отандасымыз 81 келіде белдесіп, турнир барысында 6 кездесу өткізген. Ол алғашқы белдесуінде германиялық Томас Петерден, 1/16 финалда Наик Херковичтен, 1/8 финалда болгар балуаны Христо Валковтан басым түсті. Ал ширек финалда Бразилия дзюдошысы Энзо Тромбинидің осал тұсын таба білді. Жартылай финалда испан спортшысы Жорге Кано Гарсиядан айласын асырса, финалда неміс балуаны Тимо Кавелиусты қапы қалдырды. Айта кететін жайт, Қазақстан құрамасы аталған сынға толық құрамда сынға түскен жоқ. Әділет Алматтан бөлек, 90 келіде белдескен Нұржан Бисенов жарысты екінші айналымнан бастап, Франция өкілі Тео Хербиерге есе жіберді.

Қазақстан дзюдошылары мамыр айы басталғалы бері 4 турнирде күресті. Айдың алғашқы онкүндігінде отандық татами шеберлері Душанбе және Астана Гранд Слэмінде сынға түссе, 10 мамырда Ислам Бозбаев Грузияның Гори қаласында өткен Еуропаның ашық кубогында қола жүлдеге ие болды.

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
22.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 49
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 123
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 58
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 123
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 350
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 345

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19012
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18877
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34037
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32593
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36399