Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Заңға қайшы келмесе, әлеуметтік желі бұғатталмайды

 Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Заңға қайшы келмесе,  әлеуметтік желі бұғатталмайды

 «Заман талабына сай заңдар қабылданып, кейбіріне өзгеріс еніп отыруы – заңдылық. Соңғы 15-20 жылдың ішінде талай өзгеріс болды, қаншама технология енгізілді. Жаңа технологиямен қатар, жаңа қылмыс түрлері де пайда болып жатыр. Себебі қылмыскерлер басқалар білмейтін, түсінбейтін нәрсені пайдаланып қалғысы келеді. Қазіргі кезде белең алғаны – интернеттегі алаяқтық. Өйткені араласатын адаммен тікелей қарым-қатынас, дәлел жоқ. Тек осы жарты жылдың ішінде бұл бағытта 21 мың қылмыс тіркелген. Көбі ашылмай, зерттелмей жатыр. Оған қарсы әрекет ете алатын тиісті тетіктер мен құрал болмай отыр. Ал енді буллинг деген қашан да болған. Балалар арасында мұндай әрекеттер әрдайым болып тұрады. Соңғы жылдары «интернет» және «әлеуметтік желі» деген ұғымдар пайда болды. Оған тәуелділік еселеп артып кетті. Сонымен бірге, кибербуллинг белең алды. Желі қолданушылары біреуді зорлап, ұрып-соғып жатқан сәттерді видеоға түсіріп алады. Сол арқылы өзгелерге қысым жасайды. Депутаттар қауымының осыларды ескере отырып, оны заңға сәйкестендіруі – заңды құбылыс. Кибербуллингке қатысты заңның қабылданғанына біршама уақыт өтті. Қазір Үкімет оны жүзеге асыру шараларын пысықтап жатыр. Кибербуллингке қатысты заң аясында біздің азаматтар арасында даурықпа әңгімелер көп болды. «Үкімет әлеуметтік желілерді жауып тастағысы келеді» деген әңгіме жиі айтылды. Біз мынаны ескеруіміз керек – біздің елде саяси күштер бар. Олар биліктің кез келген қадамынан ілік іздеп, оны шулатып отырады. Заң шығарушылар екі мәселені көтерді. Біріншісі – тек кибербуллингке қатысты қылмыстарға ғана қолданылатын шара. Екіншісі – тек ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құзыретті емес, ол үшін арнайы комиссия құрылады. Жұмыс тобының ішінде қоғам өкілдері болуы керек деген нормалар енді. Егер сіз билікті немесе Үкіметті сынап әлеуметтік желіге жазба жарияласаңыз, онда аталған заңда көрсетілген міндеттемелер сіздің құқығыңызды шектемейді. Себебі оған мұның мүлде қатысы жоқ. Шынын айтқанда, бұл заң тұтынушысы көп 5-6 әлеуметтік желіге ғана қатысты. Мәселен, Іnstagram, Facebook, TikTok және Twitter сияқты желілер бұрын Қазақстан тарапы жолдаған шағымдарды елемейтін. Сондықтан әуелде біз қатаң шара қабылдауға мәжбүр болдық. Ол міндетті түрде ел территориясында бар әлеуметтік желілердің өкілдері Қазақстанда тіркеліп, кеңсе ашуы керек деген міндет жүктейді. Бірақ біз оның компаниялар үшін тиімсіз екенін түсініп отырмыз. Сондықтан ортақ шешімге келдік. Әлеуметтік желілер Қазақстан тарапымен үнемі байланыста болатын заңды өкілді бекітуі тиіс. Дегенмен, ол адам шет мемлекетте болады. Тек біздің ел жолдаған арыз-шағымдарға дер кезінде әрекет етіп, бірлесе қызмет жасайды. Осыған байланысты қазақстандықтарға, егер ешқандай қылмыс жасамасаңыздар, біреудің ар-намысын таптайтын әрекетке бармасаңыздар, сіздерге алаңдайтын ешнәрсе жоқ екенін айтқым келеді. Кибербуллинг бағытындағы заңға қайшы дүниелер жасалмаса, онда ешкімнің әлеуметтік желісі бұғатталмайды», – деп түсіндіреді.

 

Ермек Сахариев
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 167
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 387
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 352
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 969

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651