Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық

Әлемде болып жатқан жағдаяттар, экономикалық қиындықтар мен жұмыссыздық адамдар арасындағы агрессия деңгейінің өсуіне алып келді. Бұндай агрессивті топтар алдымен әйелдер мен балаларға тіпті ер адамдарға да қысым көрсетеді.  Covid-19 пандемиясы басталғалы бері балалар мен әйелдерге көрсетілетін қылмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің өзектілігі артып келеді. Әрине, қыздар мен әйелдерге, балалармен әлсіз жандарға жасалатын зомбылық пандемияға дейін де болған. Бірақ, карантин, жұмыссыздық пен тұрмыстық қажеттіліктер зорлық көрсету деңгейінің өсуіне алып келді. Бұл жаһандық күрмеуі қиын мәселе. Ұлттық және халықаралық статистика және қадағалаудың зерттеулеріне сүйенсек, әлем бойынша пандемияға дейін 15 және одан жоғары жастағы әйел өз өмірінде кемінде бір рет зорлық көреді екен. Зер салсақ дерек бойынша қыз балалардың ерте жастан тұрмысқа шығу фактілерін анықтаймыз. Демек, балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық деңгейіде жоғары. Экономикалық деңгейі төмен мемлекеттерде тұратын әйелдер мен қыздардың 22%-ы соңғы 12 айда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен. Бұл дүниежүзілік статистика бойынша айтарлықтай жоғары деңгей. 

  Мемлекет үшін ең маңыздысы – адам және тәуелсіз өмір сүру. Қазақстан Республикасы Конституциясының басты талабы – адамның құқығын және бас бостандығын сақтау болып табылады. Соның ішінде ана мен бала өмірін қорғау маңызды мәселе.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жоспарының 29-шы пунктіне қарасты 2004 жылдың желтоқсан айының 13-де бекітілген «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету» туралы заңы әзірленген. Дайындалған заң жобасының негізі:

1. Адам бостандығын, құқығын қорғау;
2. Отбасындағы тұрмыстық қарым-қатынастар мен құқық бұзушылықтарды жоюға тиісті іс-шаралар қолдану;
3. Зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары.

Әйелдер мен балаларға жасалатын зомбылықтың алдын алу мақсатында, алдымен зорлық көрсетуге түрткі болған факторларды қарастырсақ:

• Жұмыссыздық;
• Ішімдіктер мен наркотикті заттар;
• Психологиялық қиындықтар мен ауытқулар;
• Материалдық қажеттілік;
• Білімсіздік;
• Ұзақ уақыт күйзеліс пен шаршау.

Жоғарыда аталған фактілер қылмысқа итермелейтін ең негізгі факторлар. Бұл тұста алдын алу мақсатында арнайы профилактикалық түсіндірме жұмыстары мен қатар тиісті іс-әрекеттердің қолданылуы зорлық-зомбылық деңгейнің төмендеуіне әсер етеді. Өкінішке орай, қазақ қоғамында «ұят болады», «ел не дейді?» деген тіркестер зорлық-зомбылықтың көбеюінің бір парасы болып отыр. Осындай түсінікпен көп әйел отбасындағы қысымға шыдап, күн кешіп келеді. Сондай-ақ, зомбылыққа қатысты харрасмент ұғымы да бар. Яғни, көбіне әйел адамдардың жұмыс орнынан жапа шегуі. Басшылықтан сексуалды қысым, түрлі шарттар мен ұсыныстар және қорқытулар. Бұндай қысым көрсетулер көп жағдайда жасырын, айтылмаған күйде қалады. Себебі, әдетте харасменттің құрбаны болған жәбірленуші өз құнын түсіреді деген түсінік бар. «БҰҰ-әйледер» ұйымының ықпалымен әлемнің шамамен 75 елінде жұмыс орнындағы әйелдерді бопсалауға тыйым салынған. Дегенмен, еліміздегі заңнамаларда жыныстық бопсалауға қатысты дерек көз, анықтама жоқ. Еуроодақ, Америка құрама штаттары сияқты жұмыс орнындағы әйел адамға жасалатын зомбылықтың қандай түрі болса да  кемсітушілік деп есептелетін анықтама қарастырылмаған.

Көп жағдайда зорлық көрген адамды қоғам кінәлай бастайды. Оның жүріс-тұрысына, киіміне сын айтылып, сексуалды немесе өзге физикалық зорлыққа өзі ғана себепкер деп жатады. Осындай қарама-қайшылық кесірінен де қылмыскерлер бостандықта, ал жәбірленуші өмір бойы қорқынышта жүреді. Осыдан 5 жыл бұрын 13 жасар қыздың зорлыққан ұшырағанын медиалар жарыса жазды. Зорлық көрген қызды мектепте «бұзылған» деп оны қоғамнан алшақтатуға тырысты. «Егер қысқа юбка, джинсы шалбар кимесе оны ешкім зорламас еді» деген пікірлер қалыптасты. Зорлық-зомбылық көрсету киімге, қай уақытта сыртта болғанына байланысты емес. Зорлық көрсету – адамның жеке таңдауы. Жәбірленушіні алған қысымы үшін немесе әділетке қол жеткізгісі келгені үшін, өзіне шабуыл жасалғаны сәйкесінше қорғана алмағаны үшін  кінәлау өте қате түсінік. Дәл осындай түсініктерден кейін зорлық көрсетуші қылмыскерлер балалар мен әйелдерге деген зорлығын жалғастыра бермек.Factcheck_kz сауалнамасына сәйкес адамдардың 54 – бұл мәселені шұғыл шешілуі тиіс, 28– өзекті, бірақ бұдан да басқа маңызды мәселелер бар, 11– өзекті емес, ір адамның жеке мәселесі, 7– бұған қатысты ешқандай проблема көрініп тұрған жоқ деген нәтиже шығарған.

Балалар мен әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық физикалық және психологиялық денсаулықтың құруына алып келеді. Отбасындағы физикалық жазалаулар мен психологиялық таптаулар, немесе әйелдің күйеуінен, серіктесінен көрген сексуалды қысымдары олардың ары қарай өмір сүруге деген талпынысынан айырады. Сонымен қатар, қолдайдың болмауы, жапа шегушінің өмірін басқаларға жайып салу, «әйел неге болсада шыдау керек», «әйел айтқанды істеу керек» деген сынды сатқындықтар өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді. Көбіне әйелдер  қазіргі немесе бұрынғы күйеуінің, серіктесінің, бөгде ер адамның зорлығын көреді. Олар жыныстық зорлықтың құрбаны ретінде келесідей жағдайларға душар болады:

• Ерте жастан балалы болу;
• Түсік жасау;
• Шалу туу немесе өлі туу;
• Босану барысында жан тапсыру;
• Гинекологиялық ауруларға тап болу;
• Психологиялық аурулар;
• Өз-өзіне қол жұмсау.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (https://cgdev.org/publication/violence-against-women-and-children-during-covid-19-one-year-and-100-papers-fourth) әлемдік пандемиядан кейінгі балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық түрлеріне зерттеу жасаған. Зерттеуге ЭмберПитерман, Меган О`Донелл, Шелби Бурго сияқты ғылыми эксперттер қатысқан. Олардың сараптауынша жиналған құжаттар мен деректер балалар мен әйелдерге көрсетілетін зомбылық деңгейнің өскенін анықтаған. Табыстың төмендеуі, жұмыстан айырылу факторлары зорлық-зомбылықтың қауіпін арттырып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бірнеше пунктен құралып, әйелдер мен балаларыға жасалатын зорлық деңгейі ең жоғары мемлекеттерді жариялаған. Аталған тізімде алдыңғы орындарда Иордания, Қытай, Үндістан, Кения және Оңтүстін Африка мемлекеттері бар. Солардың ішінде Иордания мемлкетінің зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына тоқтала өтейік. Мемлекет мәселені шешу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын және онлайн/офлайн сауалнамаларды қолданады екен. Осылайша мемлекет зорлық көрсетушілердің көбі отбасылы және жұмыссыз екендігін, сондай-ақ зорлық-зомбылық деңгейінің қалыптыдан 40%-жоғарылағанын анықтаған.

 

Бүгінде әртүрлі ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден балалар мен әйелдерге қатысты қылмысты естіп, көріп жатырмыз. Мектептер мен балабақшаларда, сауықтыру орындарындағы тәрбиешілердің балаларды аяман ұрып-соққанын, тіпті абайсызда терезеден құлап кеткен сәби туралы да білміз. Біраз ай бұрын Алматы қаласының көп қабатты үйінен балаларымен бірге терезеден секізген әйел туралы да хабардармыз. Қаралы, қанды қаңтар оқиғасы кезінде де балалардың, әйел адамдардың, әскерилер мен бейбіт тұрғындардық зорлық-зомбылық көру фактілерін жоққа шығара алмаймыз. Қазір әлем экономикалық дағдарыста. Ресей мен Украина арасындағы кикілжің, Палести мен Израиль мемлекеттерінің тағдыры барлығын алаңдатып отыр. Осындай жағдайларды пайдаланып кей адамдар алып сатарлықпен айналысып, қолдан азық-түлік тапшылығын жасап отыр. Бұндай дағдарыстар психологияға кері әсер етіп, тұрмыстық кикілжіңдердің шығуына бірден бір себеп болып отыр. Әйелдер мен балаларға жасалған кез-келген жағымсыз әрекет заң негізінде жауапкершілікке тартылуы қажет. Айта кетейік, қылмыскер әйел де, еркек те болуы мүмкін. Әр адам қорқынышсыз, еркін өмір сүруге құқылы. Және оның ерік-жігерін жеке пікірге алмастырып, сынап, өміріне қол сұғуға ешкімнің құқы жоқ.

Ақжан АУҒАНБЕК
10.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779