Айтпасам дінім күйеді

Айтпасам дінім күйеді
Қазақтың салт-санасы, дәстүр-ғұрпы ислам дінімен біте қайнасқан ел. Исламнан еш зиян көрмеген жұртпыз. Соңғы есепке қарасақ Қазақстан халқының 80%-ға жақыны өзін мұсылманмын деп белгілеген. 2,5 % пайызы атеист, қалғаны өзге сенімде.
Алайда, әлеуметтік желідегі дінге, дінұстанушыға қарсы жазылған жағымсыз жазбалар мен жалаларға қарасаң олай емес пе деп қаласың. Жағаңды ұстайсың. Әлде, әлгі аздаған атеистің жазбасына, білсе де, білмесе де жамырап пікір жазып көп көрініп тұр ма?! Әйтеу дінге қарсы жұрттың қарасы көп.
Бұл жақсы емес. Дін Алланыкі. Онымен алысуға болмайды. Оны ойыншық қылуға тыйым салынған. Кемел діннің кәләм сөздерін келеке қылған оңбайды. Алладан қорқыңдар!
Біреу дәлел-дәйексіз жаза салған сандыраққа ере кетіп, өре түрегелуді қою керек. Біз исламды саналы түрде қабылдап, сан ғасырдан бері ата дініміз деп қастерлеп келеміз. Ниеті қара келімсектің кесірін қостап, сүттей ұйыған еліміздің берекесін кетіруге жол бермеуге шақырамын!
“Алланы - Раббым. Исламды - дінім. Мұхаммедті - Пайғамбарым” деп риза болдым. Сіз де, осы үш сөзді айтып жүрегіңізге тыныштық сыйлаңыз!
Мен мұсылман болғаныма мақтанамын!
Сурет фейсбук парақшасынан алынған
Ardaq Qudaibergen
22.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 21
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 98
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 100
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 105
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 75

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1321
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7365
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11233
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7418
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7571