Әке неге жылады?

Әке неге   жылады?

Құрылыс компаниясындағы күзет фирмасында басшылық қызметте істейтін досым бар. Сол досымның: «Компанияда жұмыс істейтін қыз-келіншектердің көпшілігі қазақ. Сөйте тұра қазақша сөйлейтіндері некен-саяқ. Тіпті жоқ десем де болады.

 Әп-әдемі қазақтың қыздары өзге тілде сайрап тұрғанда жүрегің ауырады. Ол аз болғандай, орыс жігіттермен ыржың-ыржың етіп, құшақтасып, сүйісіп, кейбіреуі темекі шегіп мәз болғанын көргенде, қаным басыма шабады. Намысыма тиеді.  Ыза боламын. Қандай ата-ана тәрбиеледі екен оларды, ә? Не ойлағандары бар әке-шешенің? Бұл қыздардан ертең қандай бала туады? Жоғалған ұрпақ деген осы емес пе? 

Салт-дәстүрден мақұрым қалу, ұлттық болмыстан ада болу, ата-баба тамырынан қол үзу деген осы екен ғой», – деп мұң шаққаны есіме түсіп отыр.

 Қарап отырсам, кез келген ұлттың жер бетінен жойылып кетуі демде ғана. Тілі жоғалса жетіп жатыр. Ахмет Байтұрсынов атамыз «Тілі жоғалған ұлттың өзі жоғалады» деуі бекер емес. Тіл – байланыс құралы.  Ұлттық кодқа жалғанған алтын арқау. Байланыс үзілген жерде алтын арқау тарқатылады, меңіреу тірлік басталады. Код жойылады. Қазақ құриды. Осыны әр қазақ тұмардай жүрегіне сақтап, ұрпағына аманаттап отыру ұлы міндет болып тұр. 

 Атамыз қазақ қыз баланы «өрісім» деген. Қызы тұрмысқа шықса, «өрісім кеңіді» деп шаттанған. Қазақ – қызын төрге шығарып, төресіндей күткен халық. Қыз – ұлт намысы! Намысың тапталып жатса, хайуаннан айырмаң қайсы, ей, қазақ?

 Баяғыда дұшпандар бір ұлтты жою үшін қыздарын  аздыруға, азғындыққа ұшыратуға күш салған. Қызы азған ұлт түбірі шіріген, тамыры солған бәйтеректей құлаған... Соны білген олар. Бүгінгі біздің тірлік соған ұқсайды.

 Қызын қызғыштай қорып, ана тілімен сусындатып, құтты орнына қондыру әр әкенің асыл мұраты екенін әр ер азамат білуі керек! Қызын бетімен жіберіп,  кейін жерді ұрып өкініп жүрген қазақ аз ба бүгінде?

Өткенде жұма намаздан шығып, шай ішіп отырғанда жігіттерден бір әңгіме естідім. Өте мұңлы әңгіме.  Бір намазхан жігіттің бастан кешкені. Ол жігіт Павлодар жақтан екен. Орысша оқыған. Бірақ ата-анасының тәрбиесінің арқасында қазақ екенін бір сәт есінен шығармаған. Қазақ болып туғанын мақтаныш етіп жүретіні тағы бір жақсы қасиеті  екен.

 Жақсы танитын жамағаттың айтуынша, рухы өте мықты, ұлтшылдығы басым  намазхан көрінеді. Сол жігіт бір жолы маңындағыларға жылап мұңын шағыпты. «Қаптаған орыстың ортасынан шықсам да, ата-ананың тәрбиесінің жемісі болар, қазақ қызға үйленуге күш салдым. Қайтейін, қазақы тәрбиеде өскен қызға емес, орыс мәдениетіне ғашық бойжеткенге үйлендім. Қайтейін, тілі де орыс! Тәрбиесі де, түсінігі де орысша. Кейде өзімді «қазақтың қызы ғой» деп жұбатып жүрдім. Қайын атам мен енем де тым орысшыл кісілер еді...

Балалы болдық. Бір ұл, бір қыз өсірдік. Балалар балабақша мен мектеп жасына жеткенде талас-тартыс басталды. Мен «Қазақ мектебіне берейік»  деймін, әйелім: «Орысша оқысын. Сабағына ертең сен емес, мен қараймын. Сонда қалай оқытамын?» – деп, ақыры салғыласып жеңіп шықты. Сөйтіп ұл да, қыз да мектепті орысша бітірді. Екеуі де салт-дәстүрден жұрдай болып өсті. Қазақы әдептілікті, кішіпейілділікті, ұятты жабайылық сияқты көретіндерін сезген сайын не істерімді білмей аласұратынмын. Өзімше ақыл-кеңесімді айтатынмын. Олар жырына да қыстырмайтын. Қайта маған қарап күлетін. Шешесінің түрі анау. Бәрі де қазақшаны түсініп тұрса да сөйлемейді. Еркек түздің адамы ғой, бірте-бірте ұл мен қыз  аналарының айтқанымен жүре бастады.  Мені жан демейтінді шығарды. Ұрыс та, керіс те болды үйде.  Ақыры олар мені жеңіп шықты...

Ең сорақысы, ұлым жақында біреумен «сожительство» құрыпты. «Бір-бірімізді ұнатып жатсақ, үйленеміз» деп қояды. Тілімді тістедім.

Қызым шетелге оқуға кеткен, таяуда елге оралды. Қолында бөпесі. Әкесінің кім екені белгісіз.  Қолыма алып, нәрестені иіскей алмадым. Біртүрлі жат. Ваннаға кіріп кетіп, еңкілдеп тұрып жыладым. Өлгім келді», – депті. 

Бұл біздің білетініміз ғана, білмейтініміз қаншама.  

Бұдан өткен қасірет бар десе, сенбеймін өз басым.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281