Әлемді сұлулық емес, мейірімділік қана құтқарады

 Әлемді сұлулық емес, мейірімділік қана   құтқарады

Жазушы Достоевский «Әлемді сұлулық құтқарады» деп жазды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ә.у.) әлемге рахман нұры болып келіп, адамдарды мейірімге, адалдыққа, аманатқа қиянат жасамауға, ғылым мен білімге шақырды. «Әлемді сұлулық құтқарады» деген адамдардың көбі қазір сұлулығын жасырып, ғылым мен исламға бас ұрып жатыр. Өйтпеске шарасы да жоқ.  Өйткені Алла Тағала «Сақтансаң ғана сақтаймын» деген. Әлемді сұлулық құтқаруы мүмкін бе? Әрине, жоқ. Пенделік түсінікке салсақ, сұлулық – іңкәрлікке бастайтын жол. Сұлулық құштарлықты оятады. Құштарлық  нәпсіні мазалайды. Демек, сұлулыққа сұқтанудың артында жат пиғыл, арам ниет қоңсы жатыр деген сөз. Ару қызын, сұлу келінін қызғыштай қорыған қазаққа бұл түсінік жат! 

Дана қазақ: «Сұқтанба қапыда «сұлу» деп құр бетке,

Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе», – дейді.

Қазақы танымда сұлулыққа сұқтану жақсылық әкелмейді. Жай ғана бір-екі мысал. Нәрестенің маңдайына күйе жағу, көпшілік жерде қалқалап ұстаудың өзі үлкен тағылым. Қазақ жаңа туған  ботаны сырт көзден оқшаулайды. Өйткені өте сүйкімді жануарды көз сұғы шалқасынан түсіруі мүмкін.  Осындай дәстүрі бар халықтың аналары қыздарын ешқашан ашық-шашық ұстамаған... тіл мен көзден қорғаған...

Ұлы орыс жазушысы, ойшыл Ф.Достоевский «Идиот» (нақұрыс) романында 18 жасар кейіпкерінің аузына «Әлемді құтқаратын – сұлулық» деген сөзді салғаны сол еді, қиялы ұшқыр, сезімі өткір, жалаңаштануды еркіндік деп бағалаған (бәрі емес) Еуропа халқы іліп әкетті. Содан бері әлі күнге жерге түспей жүр бұл ұшқары ой. Ал мейірімділік адамды жамандықтан құтқара ала ма? Әрине, құтқарады. Бабаларымыз жақсы адамды суреттегенде «Жүзінен мейірімі төгіліп тұрған жан екен» деп суреттейді. Қазіргі қоғамға мейірім ғана жетпей жатыр. Әйтпесе бәрі бар. Оған сағат емес, сәт санап көзіміз жетуде. Мейірімді жандардың қолдауымен коронавирус атты тажалмен күресте мейірімділік пен қайырымдылық  өз жемісін берді емес пе? Сөйтсек, әлемді сұлулық емес, мейірімділік құтқарады екен-ау...

PS: Осы әлеуметтік желілерде ислам дініне тіл тигізіп, мұсылмандарды қаралаушылар бар. Оларға айтарымыз,  барлық нәрсенің Иесі бар, Ол – Алла! Құтқарушы сол ғана. Біз аяғымыз аспаннан салбырап түсе қалған жоқпыз. Алланың қалауымен дүниеге келдік. Әке мен ананың мейіріміне бөленіп өстік. Мейірімнен алшақтап кетіп едік, жүрегіміз қатая бастады. Сосын, ислам ғылымға ешқашан қарсы болмаған. Алла Тағала ардақты Пайғамбарға (с.ә.с.) жіберген алғашқы аятта да: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» – деп бұйырады. Құранның тағы басқа аяттарында: «Алла Тағала иман келтіргендердің, ғылым иелерінің дәрежелерін көтереді», – десе, тағы бір аятта: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» – дейді. Осыдан-ақ көп нәрсе аңғарылып тұр емес пе?

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 110
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 110
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 626
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 744
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 655
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 667

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8802
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8201
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11427
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9181
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10412