Әлеуметтік желіні заңмен құрықтау – заман талабы немесе облыс әкімі Бердібек Сапарбаев неге сөгіс алды?

Әлеуметтік желіні заңмен құрықтау – заман талабы немесе облыс әкімі Бердібек Сапарбаев неге сөгіс алды?

Оған күні кеше орын алған жас жазушы Аягүл Мантайдың өлімі дәлел. Қыршын кеткен қыздың артынан не айтылмай жатыр. Бәрі жанашыр әйтеуір…

Алпауыт күшке ие әлеуметтік желіні, күрмеулі мәселемізді билікке жеткізетін, олармен пікір алмасатын, санасатын – диалог алаңы қылсақ ұтпасақ, ұтылмаймыз. Әйтпесе, құр дау-жанжалмен уақытымыз өтіп, кім көрінгенге жем болып кету қаупіміз барын тағы айтамын.

Бір заманда дана Абай, «Өлең – шіркін өсекші жұртқа жаяр, сырымды тоқтатайын айта бермей» деп өлең арқылы ішкі жан тебіренісінің көпке тарайтынын астарлап жеткізсе, бүгінгі жаһандану ғасырында әлеуметтік желіні екінің бірінің шынайы өсек-аяңын халыққа тарататын құралға айналдырды. Баяғының абыздары мен билері ел ішіндегі келеңсіздіктерді алқа-қотан отырып, жүйелі сөзге арқа сүйеп шешетін болса, бүгінгінің «батырлары» көзге көрінбейтін виртуалды әлемде өмірдің күрмеулі сәттерін кесіп-пішіп сөйлейтіндерін қайтерсің. Өзі заңгер, өзі адвокат, өзі прокурор, өзі сот, бәрі шетінен көсем де шешен. Ұрымтал сәт келді ме, қапы жібермейді. Ұнатпай қалды ма, сойып салады. Өйткені «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ. Ар мен ұят жайына қалды кей адамдарда. Адамдық болмысты тануға, сананың ішкі иірімдерін білуге әлеуметтік желі – рентген сәулесіндей қызмет жасап тұр.

Әрине, аударылып-төңкеріліп жатқан лентаның өне бойында оның жақтаушылары мен даттаушылары өріп жүреді. Бейне қазақтың делебесін қоздыратын көкпар, бәйге секілді! Ақыр аяғында жақ-жақ болып ғайбат айтып, әлгі «құрбандыққа шалынған» бишараның түте-түтесін шығарады… Оған Аягүл қызымның тағдыры куә!

«Аягүл өзіне қол жұмсапты» деген хабарды оқығанымда ішім удай ашыды «неге, неге» деп. Сондай саналы, әдемі дарынды қыз уақытша қиындыққа сәл шыдағанда ғой, Алла оны жарыққа шығарар еді ғой деп. Танымасам да ойымнан кетпей жүрегім ауырды. (Деседе, әлеуметтік желіден жазғандарын үнемі сүйсініп оқитынмын.

Естеріңізде болса жас әнші Жанар Хамитова да мына дүниеден тағат таппай жөнелгенде осылай ішім күйген… Ол да әлеуметтік желіге «мұңын шағып» кете барған.

Бәрі де әлеуметтік желінің кесірінен. Шынында да сөз сүйектен өтіп кететіні де рас. Бұл жерде не айтылмайды, не жазылмайды? Даттау да, қаралау да, масқаралау да бар. Әлеуметтік желінің әлегі бір ғана Ая қызымның өлімімен бітіп отырған жоқ. Талай отбасының ойранын шығаруда.

Ал өзіне қол жұмсаған, талмай «Құдайды іздеген» Аягүлдің, ислам дінінде (Өзге діндерде де) құдай қаламайтын іске баруын түсіну қиын. Не болса да бәрін өзімен бірге ала кетті.

Фото ғаламтордан алынды

Тағы бір айтарым: әлеуметтік желінің күйзелген адам психологиясына қаншалықты зардабы бар екенін бір адамдай білетін адаммын. Әлеуметтік желінің құрбаны болған Сымбат Құлжағарованың өлімін зерттеу барысында көп нәрсеге қаныққам. Ол туралы мақалам мына жерде тұр. «СЫМБАТ ҚҰЛЖАҒАРОВАНЫҢ ӨЛІМІНЕ КІМ КІНӘЛІ?»

(05/02/2021). https://qazdauiri.kz/archives/24980 Әсіресе оған ерекше «жанашыр» болып араласып қоймай жатқан «Не молчи Kz» олардың мақсаты не екені бұрында жазылған. Бірақ, иә бірақ ешкім естімейді, кесірі көпке тигенін байқағысы да келмейді-ау.

Әлеуметтік желіні тізгіндеген блогерлер инстаграм желісі арқылы жас қыздың психикасына әсер ететін жазбалар жазып, мына дүниеден түңілдіріп жібергенін көргем.

Мысалы Құлжағарова Сымбаттың өліміне қатысты Құлжағаров Абайдың ісі бітіп, қағазын алайын деп тұр. Алайда біткен істің артын қазып, марқұм Сымбаттың әкесі мен сіңілісінің «қолтығына су бүркіп», оларды қайта-қайта «қайрап» «Немолчи» деген сайт, инстаграм желісіндегі парақшасы арқылы айдап салуда. Қарап отырсақ «Немолчидің» марқұм болған Сымбаттан басқа жұмысы жоқ тәрізді. Арандату ма, арандату. Тіпті соттың шешіміне қарсылық танытуда. Оларға мұндай күшті кім берді? Кімге арқа сүйеп отыр олар? Таяуда телеарнада «Айтарым бар» бағдарламасында қаралау тағы жалғасты… Масқара ғой… Заң қайда? Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

Билікке менің айтарым, «Ел болам десең, ең алдымен әлеуметтік желіңді түзе!». Барлық пәле сол жерден шығып жатыр… Оның зардабы саған да тиіп кетуі кәдік мына түрімен…

Күні кеше әлеуметтік желідегі «батырлардың жеңісі» деп алаулатқан, біреулерді «масайратқан» мына оқиғаны да осы тізімге қосуға болады. Тәжірибелі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа ел президенті Қ. Тоқаев сөгіс жариялады. Былай қарасаң жөн-ақ, бірақ жүйенің дұрыс емес екенін талдап, оның ақ-қарасына жетіп жатқан ешкім жоқ. Ең оңай жол – сөгіс беріп құтыла салу!

Қызметінен сөгіс алып кеткен азаматтың кезінде қараланғаны рас. Бірақ уақыт емші емес пе? Іскер азамат болса неге тағы бір бағын сынап көрмеске? Бердібек Мәшбекұлы осы тұрғыдан келіп тұрған шығар бәлкім? Одан бері де біршама уақыт өтті емес пе?. Бәлкім, түзелген, тәрбие тезінен өткен шығар. Неге бұл жағына қарамаймыз, неге соны таразыламаймыз?

Біз өзі өте қызық елде өмір сүріп жатырмыз. Неге дейсіз ғой, айтайын. Осыдан біраз ғана бұрын қуаңшылықпен күресе алмаған соң, ҚР Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров орнынан босаған. Қуаңшылық болып, Батыста мал қырылып жатқанда ол басқарған министрлік дұрыс әрекет етпеді. Қаншама бас мал қырылды. Халық күйзелді. Сол себепті Президент Тоқаев Омаровты «тағынан» тайдырды. Алайда арада көп уақыт өтпей жатып Сапархан Омаров «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымына сайланды. Бұл қалай сонда? Кеше ғана өзіне артылған сенімді ақтамаған адам, азық-түлікке жауапты мекеменің тірлігін дөңгелетіп алып кетеді дегенге кім сенеді?

Ауылшаруашылығының қаншама мықты мамандары жүр. Күшін қайда сыйғызарын білмей жүрген жалындаған жастар көп емес пе?

Ал Президент орнынан босатып жіберген Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаевты жауапты қазметке тағайындағаны үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сөгіс алды. Бұл әлеуметтік желі «батырларының жеңісі»!.. Міне, біздің биліктегі қызық тірліктердің бірі. Бұл не сонда? Иә, қорыта айтқанда, бұл әлеуметтік желі заң бойынша құрықталмаса, әлі талайдың обалына қала ма деген қорқынышым да бар.

Сәуле Мешітбайқызы
06.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 75
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 546
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 492

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9196
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8593
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11821
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9590
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10804