АЛҒЫС ХАТЫН ТАБЫС ЕТТІ

АЛҒЫС ХАТЫН ТАБЫС ЕТТІ
Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға жетелеуші мемлекеттік қызметші екені белгілі. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшіге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов басқарма қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
– Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік биліктің айнасы, қоғам эталоны. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім, болашаққа жасалған қабырғалы жобалар мемлекеттік қызметшіден басталады. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, - деген Еркін Егембердіұлы басқарманың халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Мәдіжанов Мәди Молдажанұлының халықты әлеуметтік қорғау саласында атқарған жемісті еңбегі және мекеменің қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін Алғыс хатпен марапаттап, ізгі тілегін білдірді.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
04.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5084
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5249
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20209
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18853
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22310