ТОСКА» — ТУРИНДЕГІ РЕДЖО КОРОЛЬДІК ТЕАТРЫНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ САХНАСЫНДА!

ТОСКА» — ТУРИНДЕГІ РЕДЖО КОРОЛЬДІК ТЕАТРЫНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ САХНАСЫНДА!

30 және 31 қазан күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында — «Тоска» операсының жаңа қойылымының ҮЛКЕН ПРЕМЬЕРАСЫ!

Стефано Поданың бұл қойылымы — 1740 жылы негізі қаланған Италияның ең көне театрларының бірі — Туриндегі Реджо корольдік театрымен бірлескен шығармашылық жобаның нәтижесі.

Қойылым демеуші
лері: «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры, Тимур Құлыбаевтың «Халық» қайырымдылық қоры, Алматыдағы Италия Мәдениет Институты, Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігі.

Джакомо Пуччинидің әлемдік опера өнеріндегі ең драмалық әрі терең сезімге толы туындыларының бірі — «Тоска» операсы алматылық көрерменге әлемге әйгілі италиялық режиссер Стефано Поданың қойылымында ұсынылады!

Стефано Поданың есімі батыл көркемдік шешімдермен, әсерлі сахналық безендірумен және қайталанбас театр эстетикасымен тығыз байланысты. Оның қойылымдарында музыка, жарық, кеңістік пен қимыл біртұтас өнер туындысына айналады. Туриндегі Реджо корольдік театры мен Ресейдің Үлкен театры сахналарында сәтті ұсынылған қойылым енді Абай атындағы театр сахнасында көрерменмен қауышады!

«Тоска» — Джакомо Пуччинидің үш актілі операсы. Шығарма Луиджи Иллика мен Джузеппе Джакоза жазған либретто негізінде, Викторьен Сардуның осы аттас драмасы бойынша дүниеге келген. Операның премьерасы 1900 жылғы 14 қаңтарда Римдегі «Костанци» театрында өтті.

Опера оқиғасы 1800 жылы Римде, саяси дүрбелең мен билік үшін күрес өршіген кезеңде өрбиді. Шығарманың өзегінде әйгілі әнші Флория Тоска мен суретші Марио Каварадоссидің қайғылы махаббат хикаясы жатыр. Олардың сезіміне полиция бастығы, барон Скарпияның қатыгездігі мен қулығы көлеңке түсіреді. Құштарлық, қызғаныш, махаббат пен азаттыққа деген ұмтылыстың қақтығысы кейіпкерлерді қасіретті ақырғы шешімге жетелейді.

«Тоска» — әлемдік опера репертуарындағы ең драмалық туындылардың бірі. Опера көрерменді музыканың эмоциялық қуатымен, вокалдық партиялардың көркемдік әсерімен және сахналық әрекеттің шиеленісті өрбуімен баурайды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында «Тоска» операсы бұған дейін 1958 және 2003 жылдары қойылған. 2026 жылғы 30 және 31 қазанда театр сахнасында операның жаңа қойылымының премьерасы өтеді. Қойылымды әлемге әйгілі италиялық режиссер Стефано Пода жүзеге асырды. Режиссерлік міндетімен қатар хореограф, сценография, костюмдер мен жарық суретшісі қызметтерін де атқаратын Стефано Пода музыка, пластика және визуалды бейнелерді біртұтас көркемдік тұжырымға біріктіріп, сахнада тұтас әрі үйлесімді көркем әлем қалыптастырады. Барон Скарпия партиясын Әзербайжанның халық әртісі, Ресейдің Үлкен театрының солисі Эльчин Әзизов орындайды. Флория Тоска - Абай атындағы ҚазҰОБТ солисті Евгения Смольяниа,  Марио Каварадосси - Абай атындағы ҚазҰОБТ солистері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Бажекенов, Балуан Беркенов.

28.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28502
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45783
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41423
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46095