Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың назарына! Үш мүгедегі бар отбасы пәтер кезегіне тұра алмай келеді

Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың назарына! Үш мүгедегі бар отбасы пәтер кезегіне тұра алмай келеді

Кенжегүл Мұратова Қызылорда облысы, Қазалы өңірінің тумасы. Анасы Нұрсұлудан 5 жасында, әкесі Нұрмұханнан 18 жасында айрылып қалыпты. Алматы қаласында 5-сыныптан бастап оқып, 1998 жылы лицейге оқуға түседі. 2011 жылы Экономика колледжін бітіреді. 2013 жылы Ерғали Мұрзамұратов деген азаматқа тұрмысқа шығады. Күйеуі әскерде жүргенде басынан соққы алып, үйленгеннен кейін ол қатты ауырады. 2 топтағы мүгедектік беріліп, жүйке ауруы бойынша есепке алынады. Содан эпилепсия ауруы анықталып, жұмысқа жарамай қалады. 2014 жылы дүниеге келген қыздары Кәусар да осы эпилепсиямен ауырады екен. Белі, аяғы дұрыс істемейді. Сегіз жастағы қыз тек аунап қана қимылдай алады, 2-топтағы мүгедек. Кейін дүниеге келген Қайсар атты ұлдары да осы эпилепсиямен ауыратыны белгілі болды. Қазір қаралу үстінде. Кенжегүл ұлының да мүгедектік алатын қаупі барын көз жасын сығып тұрып қинала жеткізді. Ұлы Қайсар үшке келсе де сөйлей алмайды екен. 

– Жұмыс істейін десем, осыларға алаңдаймын. Бұл ауруды қазақша қояншық деп атайды екен. Кез келген уақытта ұстап қалады. Жанында қарап тұрмасаң, өліп те кетуі мүмкін. Жағдайымыз өте ауыр. Ең болмаса өзіміздің баспанамыз болса ғой деп армандаймын. Алматыда тіркеудемін. 1993 жылдан бері осында тұрамын. Күйеуім де 2013 жылдан Алматыда тіркеуде. Пәтерден пәтерге ауысып, әбден шаршадық. Ең жаманы қожайындар біздің мына жағдайымызды көріп шошып кетеді де алмайды. Қазір бір бөлмелі сыз жер үйде 60 мың теңгеге тұрып жатырмыз. Бұндай жағдайдың мүгедек жандар үшін денсаулыққа зиян екенін білесіздер.

– Сонда қалай күн көріп жатырсыздар?

– Мүгедектікке берілетін ақшаны айдан айға әзер жеткіземін. Оның үстіне үнемі пайдаланатын дәрілер де қымбат. 

– Пәтердің кезегіне жазылдыңыздар ма?

– Мен сіздерге осы жөнінде келіп отыр едім. Жаңа айтқанымдай Алматы қаласының тұрғынымын. Бұл жөнінде шынымды айтсам, бармаған жерім, ашпаған есігім жоқ десе де болады. Алматы қаласының, ауданының тұрғын үй басқармасына осыдан 7 жыл бұрын барып кезекке тұруға әрекеттендім. Бірақ олар кезекке тұрғызбады. Неге? Себебі менің күйеуімнің атында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Пірімов деген туған ауылында үйі болған. Ерғали Алматыға кететін болған соң үйді анасының атына аударады. Міне, осы үй бізге пәле болып жабысты. Тұрғын үй басқармасына кезекке тұрайық десек, компьютерден қызыл жолақ шығып тұрады. Уәжімізді айтсақ, ешкім тыңдамайды. Алматы қаласының және өзіміз тұратын аудан әкімшілігіне де, «Нұр Отанға» да хаттар жаздық. Бәрі де ешқандай зерттеу, тексеріс жүргізбей, осы тұрғын үй басқармасына қайта жібереді. Олардың жауабы анау. Прокуратураға да, сотқа да бердік. Бәрібір еш нәтиже жоқ. Заң бәріне ортақ дейді. Біздің мүшкіл жағдайымыз ешкімді де, әсіресе билікті еш алаңдатпайтын сияқты. Қоғамда да, заңда да әділдік жоқ деп санаймын.

– Басқа басылымдарға, теледидарларға барған жоқсыз ба?

– «Алматы» телеарнасына барып едім, біздің жағдайымызға ортақтасудың орнына журналист қыз өзіме ұрсып: «Мұнда неғып жүрсіздер? Ауылға кетпейсіздер ме?» деп қуғандай болды. 

– Жұмыссыздардың ұйымы не деді?

– Олар да «үш күн сайын келіп есеп беріп тұрасыз» дейді. Мен сырқат жандардан шыға алмаймын ғой. Олардың аурулары аяқ астынан ұстап қалса, жағдайы не болады?

– Тағы басқа қандай жолдарды қарастырдыңыз?

– Бәрінен күдер үзген соң, ипотека жолын қарастырдым. Мүгедектерге арналған, жалдамалы үй алуға болады дегенді естіп барсам, ондай мүмкіндік атымен жоқ екен. Банктерге мұрын тыға алмадым. Кепілдік дей ме, қорыңда миллион теңге ақша болу керек дей ме, әйтеуір олардың талабының үдесінен шыға алмайтынымды білдім. 

– Негізінен ауылдағы үйден құтылу керек болып тұр ғой? Одан құтылудың жолы жоқ па екен?

– Ауылға барып оған да әрекет жасадым. Күйеуім 6-7 ағайынды ғой. Туыстардың да келісімінсіз ештеңе жасай алмайсың. Бірі келіссе, бірі көнбейді, ол да үлкен жүгіріс...

Иә, бұл отбасының  пәтер кезегіне тұра алмай, қиналып келе жатқандарына  7 жыл болыпты. Үш мүгедекті бағып-қағып отырған Кенжегүл осылайша не істерін білмей шарасыз халге түсіп отыр. Дәл мереке қарсаңында бізден көмек сұрап редакцияға келген оны мен  8 наурызымен құттықтай да алмадым...

Шаргүл Қасымханқызы
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 178
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9159
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765