Қалалық штаб Алматыда қанша сауда орталығы, қоғамдық тамақтану орны, базар, жанар-жағармай құю станциясы, өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейтінін хабарлады. 12 қаңтардағы мәлімет бойынша Алматы қаласында 120 ірі және орта супермаркет жұмыс істеп жатыр.
«Бүгінде барлық 52 сауда базары жұмыс істейді. Базарлар арасында зардап шеккен нысандар анықталмаған. 220 жанар-жағармай құю станциясының (ЖЖҚБ) 127-сі ашылған. 13 қаңтардан бастап қосымша 33 жеке ЖЖҚБ ашылады деп жоспарланған. Жанар-жағармай құю бекеттерінің 74 нысаны зардап шекті, оның 14-і қалпына келтіріліп, жұмыс істеп тұр», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ бүгін, 8 сауда орталықты ашу жоспарлаған. Олар: «Достық плаза», «Мега парк», «Мега Алма-Ата», «Атакент молл», «Март», «Силкуэй сити», «Алатау», «АДК». 17 нысанға қайта жаңғырту жұмыстары жасалады. «Есентай молл», «Форум» сауда орындары қаладағы жағдай тұрақталғаннан кейін ашылады.