А.Мамин Ақмолада зауыт ашып, марапат тапсырды

А.Мамин Ақмолада зауыт ашып, марапат тапсырды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, кірпіш зауыттының ашылуына қатысты. Онда жаңа өндірісті бастап беріп, өңір еңбеккерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыстады.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада Асқар Мамин өңір тұрғындарына құттықтау сөз арнады. Үкімет басшысы сөйлеген сөзінде Ақмола облысы еліміздің маңызды аграрлық-индустриялық өңірлерінің бірі. Тәуелсіздік жылдары өңірде жалпы өнім $446 млн-нан $5,4 млрд артып, 12 есеге өсті. Өңір ел аумағында өндірілетін астық жинайтын комбайндардың 70%-ға жуығын, тракторлардың 43%-ын, мамандандырылған автомобильдердің 47%-дан астамын иеленеді. Құрамында алтыны бар өндірілетін кендердің 45%-дан астамын, жартылай өңделген алтынның 27%-ға жуығын шығарады. Облыс елімізде ауыл шаруашылығының үлесі бойынша 5-ші орында. Өңір астықтың 25% астамын ( 5 млн тонна), құс етінің 23,5% (80 мың тонна), жұмыртқа ның 16% (800 млн дана) өндіреді. Егістік жер көлемі 5 млн гектардан астам. Өңірде 8 құс фабрикасы және 15 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Соңғы жылдары 6,9 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Туризм саласы жетіліп «Көкшетау» (1996 ж.), «Бурабай» (2000 ж.) және «Бұйратау» (2011 ж.) сияқты 3 мемлекеттік ұлттық табиғи парк ашылды. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында 15 млрд теңгеден астам туризм жобалары іске асырылды. Облыстың әлеуетін арттыру аясында 2025 жылға дейін АӨК, энергетика, құрылыс материалдарын өндіру, көлік және логистика және келешегі зор салаларда жалпы сомасы 2 трлн теңге болатын 340 жуық маңызды инвестициялық жобаны іске асыру көзделген деп, салтанаты жиында бас уәзір атап өтті.

Мерекелік жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Тәуелсіздік күніне орай Ақмола облысының ауыл шаруашылығы, өндіріс орындары, әлеуметтік салаларының еңбеккерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады. «Парасат» орденімен «Әріп-Агро» ЖШС директоры Уәлихан Әріпов, II дәрежелі «Достық» орденімен «Казрост» компаниялар тобының құрылтайшысы Давид Бежуашвили, «Құрмет» орденімен – «ENKI» ЖШС директоры Мырзабай Әбдіқалықов, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен – «Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалының автоматты цехының жылжымалы құрамын жөндеу слесарі Сәкен Әбдірахманов ,«Ерен еңбегі үшін» медалімен «КТК» телеарнасының меншікті тілшісі Айзат Дүйсен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры Иван Сауэр, Ақмола облысының денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген ардагері Болат Жанәділов, жоғары спорт шеберлігі мектебінің бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Теміртас Жүсіпов қатарлы азаматтар марапатталды. Үкімет басшысы сапары барысында Үкімет басшысы «ENKI» ЖШС керамикалық кірпіш шығару жобасының II кезеңінің ашылу рәсіміне қатысып, зауыттың өндіріс ошағымен танысты. Кәсіпорынның қуаты – жылына 30 млн дана кірпіш. Бұл қуат көзіне 2010 жылы пайдалануға берілген I кезеңнің қуатын қосып санағанда, барлығы жылына 90 млн дананы кірпіш өндіретін болады. Өнім ел аумағы және шетелге экспортталады. Зауыттың ашылу рәсімінен соң «Bolashaq sarai» ғимратында болып Көкшетау қаласының бас жоспары бойынша салынып біткен, жұмысын бастаған және келешекте салынатын құрылыстың жобаларымен танысты. 

Дахан ШӨКШИР
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 77
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 81
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9198
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8595
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805