Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті

Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті

Таяудан бері Астанадағы ОКҚ алаңында облыс басшыларының қатысуымен баспасөз жиналысы өтіп жатыр. 3 қараша күні Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов БАҚ өкілдері алдында «Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баяндама жасаған еді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің айқындаған міндеттерін жүзеге асыру жолында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасайын. Жалпы биыл әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң нәтижелерге қол жеткіздік», – деп бастаған Марат Мұратұлы ары қарай астықты аймақтың жылға жуық уақыт ішінде қол жеткізген табыстары туралы нақты мәліметтерді тізбелеп шықты.

– Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің басты бағытымыз – агроөнеркәсіп саласының дамуына серпін беру. Ақмола облысында ауылшаруашылығы саласын өңір экономикасының басты драйверіне айналдыру – негізгі міндеттердің бірі. Осы ретте, биыл ауылшаруашылығы өнімінен 1 трлн теңгеден астам кіріс түседі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе артық. Өңір диқандары биыл 6,6 млн тонна рекордтық астық жинады. Бір гектардан түсетін өнім көлемі 14 центнерден асты. Астықтың сапасы да барынша жоғары екенін атап өткім келеді. Астықтың 60%-дан астамы тауарлық сапасы жоғары бидай. Әрине, бұл ең бастысы диқандардың қажырлы еңбегі, мемлекеттік қолдау мен заманауи технологияларды тиімді әрі уақытылы қолданудың нәтижесі. Нәтижесінде, жоғары сапалы тұқымды себу мен минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі екі есе артты. Ауылшаруашылығы техникасын жаңарту да маңызды. Биыл 1 239 жаңа техника сатып алынды, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Өңір басшысы ішкі туризмді дамыту, тұрғын шаруашылығында, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету секілді көптеген салаларда қол жеткізген табыстарды айтып берді. Солардың қатарында «биыл өңірге 550 млрд теңгеден астам инвестиция салынады, 400 млрд теңгеден астам қаражат тартылады» деп атап өтті Марат Мұратұлы.

Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
07.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.12.2024 62
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖОЛДАРДЫ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 38
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 39
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ ҚОС ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 143
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 437
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 449
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 434
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 384
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 378
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 453
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 430
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 438

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10700
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9665
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12900
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11867
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16879