Ақордада мектептер саны артады

Ақордада мектептер саны артады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында оқушылар мен мұғалімдерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, қаладағы салынып жатқан жаңа мектептер туралы жазды.

«Мектептерде сынып сағаттары өтті, балалар демалысқа шықты. Оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Жыл сайын 1-сыныпқа 20 мыңнан астам оқушы келетінін ескерсек, жаңа мектептер саны бірнеше есеге артты.

Қазір біз 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 32 мектептің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде жыл соңына дейін мектептердің рекордты санының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – 64 мыңға жуық оқушыға арналған 23 мектеп (2 ауысымды). Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында – 15 мектеп (Есіл – 6, Нұра – 4, Алматы – 3, Сарыарқа – 2), тағы 5 мемлекеттік мектеп (Нұра – 2, Байқоңыр – 2, Алматы – 1), 3 жекеменшік (Есіл – 2, Алматы – 1).

Жаңа оқу жылының басында 32 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымда) арналған 12 мектептің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олар – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 8 мектеп:

Есіл ауданы – 1 ауысымды 7800 оқушыға арналған 3 мектеп – Орынбор көшесі және №37 «SOHO» ТК, Мәңгілік Ел даңғылы және Е 497 көшесі, Қабанбай батыр және Сығанақ көшелері, «Поколение» ТК;

Нұра ауданы – 4000 оқушыға арналған 1 ауысымды 2 мектеп – Төле би көшесі мен 57 учаскесінің қиылысы («Зеленый квартал» ТҮК), Е127, Е368, Е418, Е535 көшесі (Қорғалжын тас жолы ауданы)

Сарыарқа ауданы – 4000 оқушы орнына арналған 1 ауысымды 2 мектеп – С-189 көшесі «Земляничная» саяжай алабы, Көктал елді мекені;

Алматы ауданы – 600 оқушыға арналған 1 ауысымды 1 мектеп (А.Байтұрсынұлы көшесі, №9).

Байқоңыр және Нұра аудандарында тағы үш мемлекеттік мектеп: Байқоңыр ауданында №12 мектеп және №27 мектеп-лицей аумағында қосымша жаңа ғимарат, сол сияқты Нұра ауданының №17 мектеп-гимназия аумағындағы жаңа қосымша ғимарат. Сондай-ақ, Есіл ауданында Ұлы дала даңғылында (Арнау ТК) тағы бір жеке мектеп ашылады.

Осылайша, 23 жаңа мектеп арқылы алты мектепте үш ауысымды оқу мәселесін, тағы 9 мектепте шамадан тыс режимі мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз», – деп жазды елорда әкімі.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
30.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 56
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 696
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370