Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында Қазақстан міндетті түрде цифрлық экономика құруы керек екенін атап өтті.
Бұл бастама аясында цифрландыру тек қызмет алу емес, әр азаматтың табыс табуына, өз ісін дамытуына бағытталады.
Атап айтқанда:
🔹 «Digital Qazaqstan» стратегиясының негізгі инфрақұрылымы салынуда;
🔹 Екі суперкомпьютер іске қосылды, жыл соңына дейін үшінші қуатты суперкомпьютер іске қосылады;
🔹 Каспий түбімен талшықты-оптикалық магистраль тартылды, деректерді өңдеу орталықтары салынуда;
🔹 Смартфон әр азамат үшін бос уақыт өткізетін ойыншық емес, заңды табыс табатын жұмыс құралына айналуы тиіс;
🔹 Активтерді токенизациялау арқылы азаматтар компаниялардың тең иесі бола алады;
🔹 Ауылдағы өндірушілерге маркетплейстер, банктер, логистика арқылы өз өнімін сатуға цифрлық мүмкіндік беріледі;
🔹 Келесі жылы өңірлерде ауыл өндірушілеріне арналған цифрлық дамудың пилоттық жобалары іске қосылады.
«Халықтық цифрлық экономика» – бұл тек технология емес, әр азаматтың тұрғылықты жеріне қарамастан табыс тауып, өзін-өзі дамытуына жол ашатын маңызды қадам.
#Жолдау2026 #ЦифрлықЭкономика #DigitalQazaqstan #ЖасандыИнтеллект #Қазақстан
















