🦷Елімізге шетелден келетін азаматтардың қатары артып келеді. Әсіресе тіс имплантын орнату және басқа да стоматологиялық қызметтерге сұраныс жоғары.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, Қазақстанда стоматологиялық қызметтер шетелмен салыстырғанда әлдеқайда қолжетімді. Ал емдеу сапасы жағынан отандық клиникалар ешкімнен кем емес.
🌍 Кейбір шетелдерде бір тіс имплантын орнату бірнеше мың, тіпті ондаған мың доллар немесе еуроға дейін жетеді. Ал Қазақстанда мұндай қызметтер әлдеқайда арзан.
Вице-министр шетелдік пациенттер санының артуы жергілікті тұрғындар үшін емдеу бағасының қымбаттауына әкелмейді деп есептейді. Керісінше, бұл стоматологтар мен медицина қызметкерлерінің табысын арттырып, салаға қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
📌 Сонымен қатар Қазақстанда «медициналық туризм» ұғымын заң жүзінде бекіту және шетелден емделуге келетін азаматтарға қызмет көрсету тәртібін реттеу жоспарланып отыр.
Бастысы – медициналық туризмді дамыта отырып, Қазақстан азаматтары үшін сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекті сақтау.
















