Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығының алпыстан аса еңбеккері марапатталды.

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығының алпыстан аса еңбеккері марапатталды.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

Мереке Мәртөк ауылының мәдениет үйінде өтіп, оған ауыл шаруашылығы саласының озаттары мен ардагерлері, аудан әкімдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

 

Жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері еңбекқорлығымен және жауапкершілігімен көптеген салаларда оң нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын атап өтті.

 

 "Тәуелсіздік алған жылдардан бері мүйізді ірі қара 110,2%, жылқы 111,1%, суармалы алқап жерлерінің көлемі 109,7 % артты. Ауыл шаруашылығы саласында бүгін өңірде 34 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жылына ауыл шаруашылығы саласында шамамен мыңға жуық шаруашылық ашылады.  2021 жылы 861 қожалық құрылды. Ағымдағы жылы ауыл  шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялауға 24,3 млрд. теңге бөлініп, 2020 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қолдау көлемі 25% өсті. Мұндай  қолдаудың нәтижесінде мал басының саны артып, ауылшаруашылық техникасын жаңарту бойынша алдыңғы орындамыз. Баршаңызға Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз",- деді Оңдасын Оразалин.

 

Өңір басшысы облыс басшылығы агроөнеркәсіп кешеніне елеулі назар аударатынын баса айтты.

 

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздік еңбеккерлеріне ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімі атынан төсбелгілер, медальдар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Барлығы 62 адам марапатталды.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасып, ауыл шаруашылығы техникасының, мал және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

24.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 87
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 97
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 193
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 193
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 330
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 559
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 502

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9207
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8604
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11831
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9601
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10814