Ақтөбеде қой жүнінен жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт салынуда

Ақтөбеде қой жүнінен жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт салынуда

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов "КazFeltec" ЖШС құрылтайшысы Әсет Тілеуовпен және итальяндық "Cormatex" компаниясының өкілі Люка Куерчимен іскерлік кездесу өткізді. 

Кездесу барысында кәсіпорындар Ақтөбеде үй мен басқа да құрылыстарды жылыту үшін қой жүнінен жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін зауыт салу және іске қосу бойынша консорциум құру туралы келісімге қол қойды.

Құрылыс материалдары қылшық жүннен жасалады, қазіргі таңда басым бөлігі оны өңдейтін кәсіпорындардың болмауына байланысты Ақтөбе облысында жыл сайын 3,5 мың тонна ірі жүн сұранысқа ие болмай қалады.

Облыс әкімі жобаға оң баға беріп, жергілікті атқарушы органдардың оны іске асыруға, соның ішінде шикізат сатып алу мәселелері бойынша жәрдемдесетіндігіне уәде берді.

 

"Әрбір ауданда жинақтау пункттерін ашу мүмкіндігі қаралатын болады. Сатып алуды жүйелеу қажет. Басымдық  жергілікті тұрғындардан сатып алуға беріледі", - деді Е. Тоғжанов

Инвестициялардың жалпы көлемі 10 млн. еуроны құрайды. Құрылысқа дайындық 41-ші разъезд ауданында басталды. Дайын өнімнің алғашқы партиясын 2023 жылдың күзінде шығару жоспарлануда. Өндіріс іске қосылғаннан кейін бүкіл облыс бойынша шикізат қабылдау пункттерін есептемегенде, зауыттың өзінде 20-дан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.

Ақтөбе облысының баспасөз қызметі
28.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 28
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 39

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1010
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7058
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10904
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7127
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7269