Ақтөбелік жастар жаппай сенбілікке шықты

Ақтөбелік жастар жаппай сенбілікке шықты

Ақтөбе қаласының жастары облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қала аумағын санитарлық тазалау бойынша екі айлыққа қатысуға шақыруын қолдады.

Бүгін студенттерден құралған 350-ден аса еріктілер мен белсенділер өңір басшысымен бірге 12 шағын аудандағы М.Мәметова көшесі бойындағы шағын бақты тазалады.

Е.Тоғжанов студенттерге, еріктілерге, жастар ұйымдары мен ​ өңір тұрғындарына, кәсіпкерлерге туған өлкесіне бей-жай қарамай, сенбіліктерге белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

«Халқымызда ауылына қарап, азаматын таны деген жақсы сөз бар. Міне, біз бірнеше күннен бері қаламызды тазартып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жалпықалалық сенбілікке қатысып жатырмыз.

Тазалық – тазалаған жерде емес, айналаны таза ұстаған кезде ғана болады. Ауламыз таза болса ой-санамыз да тазарады, бойымыз сергіп, көңіліміз көтеріледі.​ ​

Сүйікті қаламыздың тазалығы баршамызға ортақ іс, жас буынға үлгі-өнеге, сырттан келген қонақтар үшін тұрғындарымыздың абыройы. ​

Өскелең ұрпаққа жан жағын таза ұстап, ластамауға үндеу, шашпауға шақыру аға буын мен әрбір азаматтың борышы, азаматтық парызы. Әрбір адамның жеке жауапкершілігі.​ ​

Сенбілік басталғалы бері қаламыздың тұрғындары, бизнес өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жеке секторлардың мамандары, жігерлі жастарымыз белсене қатысты.

Бұл игілікті іс бүгінмен бітіп қалмайды, өз жалғасын таба беретін болады. ​

Кішкентай Отанымыздың гүлденуі, қаламыздың өсіп-өркендеуі жолында баршаңызды бір адамдай жұмыла атсалысуға шақырамын»,- деп атап өткен облыс әкімі қоғам өміріне белсенді атсалысып жүрген 13 студент пен еріктіге алғыс хаттар табыс етті.

Олардың қатарында Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға қолдау көрсеткендер де бар.

Жалпы алғанда жетпіс студент пен ерікті облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

Еске салайық, санитарлық тазалау мен абаттандыру бойынша екі айлық 17 қыркүйекте басталып, 4 қарашаға дейін жалғасады.

24 қыркүйекте өңірдің 22 мыңнан аса тұрғыны, жүзден аса кәсіпкерлік ұжымдары, мектептер мен медициналық мекемелер жалпыоблыстық сенбілікке шықты.

Екі сенбілік барысында 1073 көше, 198 саябақ, шағын бақтар қоқыстан тазартылып, 1926 тонна қоқыс шығарылды, ​ 261 шақырым жол тазартылды.

Бұған қоса, заңды және физикалық тұлғаларға абаттандыру ережелерін бұзғандары үшін 955 ұйғарым шығарылса, 93 адамға 4 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

 

Ақтөбе облысының баспасөз қызметі
25.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 147
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 147
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 334
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 327
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 950

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9025
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8421
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11649
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9405
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10631