АҚЫН – ЖАСТАР АРАСЫНДА

АҚЫН – ЖАСТАР АРАСЫНДА

Ұлттық әдебиетті насихаттау, поэзия арқылы жастардың танымын арттыру, отансүйгіштікке баулу, кітап оқуға деген қызығушылықты күшейту және ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында Алматы қаласы Наурызбай ауданы Комьюнити-жастар орталығында ақын, публицист, әдебиет сыншысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Болат Шарахымбаймен шығармашылық сыр-сұхбат кеші ұйымдастырылды. Іс-шара Наурызбай ауданында тұратын жастар мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және С.Демирел атындағы қазақ-түрік университеті студенттерінің қатысуымен өтті.

Кеш барысында қонақтың өмір жолы мен шығармашылық қызметі қысқаша таныстырылып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы айтылды. Ақынның поэзиясындағы терең философиялық астарлы ой мен адамзаттық, ұлттық құндылықтар жан-жақты сөз болды. Жиналған қауым оның «Рухтың оралуы», «Кісікиік», «Ақынтас пен сұңқартас» секілді белгілі шығармаларынан үзінділер оқып, көрермеге керемет рухани көңіл күй сыйлады.

Кеш аясында қаламгер шығармашылығына арналған көрменің таныстырылымы өтіп, онда кеш иесінің поэзиялық жинақтары мен публицистикалық-зерттеу еңбектері ұсынылды. Кештің маңызды бөлімінде ақынның қоғамдық-қайраткерлік қызметі де қатысушылардың назарынан тыс қалмады. Әсіресе, 1986 жылы Алматыда өткен әйгілі Желтоқсан көтерілісіне қатысып, қоршауда қалған қаршадай бір қазақ қызын жазалаушы-солдаттардан қалай арашалап қалғаны, одан кейінгі уақыттарда Желтоқсан тақырыбына терең бойлап, үш томнан тұратын зерттеуін дүниеге әкелген еңбегін оқырмандар ерекше атап өтті. 

Іс-шара соңында кеш иесі Қазақстанның құрметті жазушысы Болат Шарахымбай оқырмандар тарапынан қойылған түлі сұрақтарға жауап берді. Ақынның шығармашылығы, азаматтық ұстанымы және кең ауқымды ағартушылық қызметі – ұлтқа, елдік мұраттарға адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Сондықтан да қаламгерлермен өткізілетін мұндай әдеби-шығармашылық кештердің жастардың рухани дамуы үшін пайдасы орасан зор. 

  Гүлназ ДҮЙСЕНБЕКОВА,

Алматы қаласы Наурызбай ауданы Комьюнити-жастар одағының

 басшысы, «Қаламгермен

 сыр-сұхбат» жобасының жетекшісі

 

16.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26729
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26154
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43550
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39328
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43953