Ардагерлердің жаңа ұйымы жұмысын бастады

Ардагерлердің жаңа ұйымы жұмысын бастады

Орал қаласында «Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобы» қатарында азаматтық борыштарын өтеген ардагерлердің қоғамы құрылды. Республикалық қоғамның облыстық филиалы болып құрылған бұл ұйымның басты мақсаты – Отанын жаудан қорғаған бабалар ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Бұл ұйымның ресми атауы – «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскерінің тобы ардагерлері» қоғамдық бірлестігі. Яғни бұл бірлестіктің құрамына Венгрия, Польша, Чехославакия елдерінде әскери борыштарын өтеген азаматтар да кіреді. Осы бірлестіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Ұзақбай Жақсылиховпен жүздесіп, аға буынның қолға алған жұмыстарымен кеңірек танысудың сәті түсті. Айтуынша, Ұлы Отан соғысы аяқталған жылдан бастап Германия жерінде міндетті әскери қызметтерін өткерген қазақстандық ардагерлердің алғашқы басқосуы киелі Түркістан өңірінен басталған екен. Содан кейін қалған облыстарда филиалдары құрылып, ортақ ниетке жұмылған батысқазақстандық ардагерлердің де бұл бастамасы  жергілікті биліктің, соның ішінде Орал қалалық әкімдігінің тарапынан қолдау тапқан. Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қоғамдық бірлестіктің жұмысына көңіл бөліп, қоғам ардагерлері бас қосатын кеңсе мәселесін шешіп беруге қолдау көрсететінін айтқан.

–  Мемлекет басшысы да өзінің биылғы Жолдауында азаматтық белсенділікті жандандыру, еліміздің дамуына ықпалын тигізетін қоғамдық ұйымдар ашу жөнінде тапсырма бергені белгілі. Біз де осы міндет аясында «Германиядағы Кеңес әскерлері тобының ардагерлері» қоғамдық бірлестігін құруды қолға алдық. Бұл жұмыстың басы-қасында республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Бақыт Тастанов жүргенін атап өту керек. Біздің басты мақсатымыз – бабалар ерлігін дәріптеу. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл санап азайып барады. Арамызда аман-сау жүргендерінің ішінде өз аяғымен жүретіндері санаулы, қалғандары төсекке таңылған. Ал олардың Отан үшін отқа түсіп, қандай ерлік жасағанын насихаттау – біздің парызымыз. Қазір ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді. Ал ұлан-байтақ жерімізді қорғау, ел басына күн туғанда қолына қару ұстап атқа қону – әрбір ер-азаматтың міндеті, – деді Ұзақбай Тілекқабылұлы. 

Яғни, «елім маған не береді» деп емес, «мен еліме не бере аламын» деген ізгі ниетпен құрылған қоғамдық ұйымның ардагерлері үшін ең маңыздысы – елдің тыныштығы және бейбітшілікті ұстап тұратын ұрпақ тәрбиесі екенін ұғындық. Жат елдің шебінде болса да, алдымен елінің қауіпсіздігін кірпік қақпай күзеткен аға буын өкілдері аз уақыттың ішінде біраз жұмыс атқарып үлгерген. 

9 маусым – Германиядағы Кеңес әскерлері тобының құрылған күніне орай Оралда салтанатты жиын өтіп, бірқатар ардагерлер мерейтойлық төсбелгілермен, алғыс хаттармен марапатталды. Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов ардагерлерді құттықтап, қала әкімінің атынан марапаттар табыстады. Сонымен қатар осы мерекелік кеште бірқатар қоғам мүшелері БҚО ардагерлер кеңесінің, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының марапаттарына ие болды. Қаладағы саябақтардың біріне «Германиядағы Кеңес әскерлері тобы ардагерлерінің» аллеясы жасақталып, тал-теректер отырғызды. Оқу орындарында болып, студенттермен кездесіп, ғибратты ой-пікірлерімен бөлісті. Алдағы уақытта ардагерлер бұдан да ауқымды жұмыстарды атқаруды жоспарлап отыр. 

Еске сала кетсек, бүгінгі таңда облыстық филиалға 80-нен астам ардагер тіркелген. Жаңадан жұмысын бастаған ұйымның қатары әлі де көбейе түсері сөзсіз. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
27.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 69
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 178
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 182
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 399
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 362
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 980

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9057
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8453
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11681
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9444
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10661